- Блогтар
- Атамқұлов Б.Б.
Атамқұлов Б.Б.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Сәлеметсіздер ме, құрметті блог оқырмандары!
Сіздерді «Ашық Үкімет» Блогындағы жеке парақшамда қарсы алуға қуаныштымын! Бұл «диалогтық алаңшаның» негізгі мақсаты – Сіздерге біздің министрлік жайында, оның ішінде Қазақстан Республикасының аэроғарыш, қорғаныстық өнеркәсіп және де ақпараттық қауіпсіздік салалары бойынша сұрақтарыңызға білікті жауаптар беру.
Блог арамыздағы байланыстың тиімді ақпарат алмасу «көпіріне» айналарына сенімдімін. Біздің министрлікке қатысты сауалдарыңызды қойып, ойларыңызбен бөлісіңіздер. Өз жағымнан Сіздердің конструктивтік ұсыныстарыңызға ерекше көңіл бөліп, мекемеміздің қызметіне қарасты сұрақтарыңызға жауап беруге дайындығымды білдіремін.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі
Бейбіт Атамқұлов