Айткалиев Бахтияр

Құрметті Дәулет Рашидұлы! Мен, Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы, Айткалиев Бахтияр Бейбітұлы боламын. Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні бойынша «Технологиялардың дамуы Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесіне қаншалықты әсер етеді?» тақырыбында курстық жұмысты жүргізу мақсатында зерттеуде көтерілген мәселеге қатысты обьективті, сыни баға алу үшін сізден кішігірім сұхбат алайын деп едім. Қарсы болмасаңыз, төмендегі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет! 1) «Технологиялардың дамуы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің артуына алып келеді» деген пікірмен қаншалықты келісезіз? Неліктен? 2) Цифрландыру мен автоматтандыру Қазақстанның еңбек нарығына қалай әсер етуі мүмкін? Қай салалардағы өзгерістер (жұмыс орындары санының артуы/қысқаруы немесе жаңа мамандық түрлерінің ашылуы/мамандық түрлерінің азаюы) саны басым болмақ? 3) Аталмыш мәселені алдын алу мақсатында Қазақстанда қандай шаралар іске асырылуда? Мәселені шешуде қандай да бір әлемдік тәжірибенің қолданылуы мүмкін бе? ...

Толығырақ