Купжасарова Айгерим

Саламатсызба Төраға! Мен көп балалы ана боламын. Биыл мекенжай бойынша 278 IT мектебіне қарасты болуымызға байланысты 3 баламды 278 мектепке 0 класына бергім келген. Алайда шілде айында отбасымдағылар көп ауырғандықтан мектепке құжатты тамыз айында жинауға мүмкіндік болды. Бүгін жолдасым 26 тамыз күні 278 мектебіне жолығып, 0 класына құжатты өткізгісі келгенде мектеп қабылдаудан бас тартты. Түсінбегенім сонда 278 мектепке қарасты болсақ та басқа мөлтек аудандағы мектепке баруға тиістіміз бе? Неге үлкен мектеп 0 класына орын жоқтығын айтып, қабылдамайды? Түсіндірме беруіңізді сұраймын. ...

Толығырақ