- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
- Өтініш
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі С.А.Жасұзақов мырзаға Алматы облысы,Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы,Хабибуллин көшесі ,9а үйінің тұрғыны зейнеткер Утешов Мырзахметтен Өтініш хат Құрметті,министр мырза (алдын-ала айтамын)Сіздің еліміздің стратегиялық және қорғаныс саласындағы атқарып жатқан осы маңызды жұмыстарыңызға үлкен сәттілік пен абырой,отбасыңыз бен өзіңізге зор денсаулық тілеймін. Осы жылдың шілде айында облыстық «Жетісу» газетінде Ұлы Отан соғысына қатысып «Концлагерде болғандарға ғана Германия мемлекетінің тарапынан 2500 евро ақшасымен бір жолғы төлем төленеді»-деп жазылған арнайы хабарды оқыдым.Ал хабар-ошарсыз жоқ болғандар ше? Менің туған ағам Өтешов Қожахмет (1918 жылы туылған)Ұлы Отан соғысына алынып, содан осы уақытқа дейін хабарсыз. Әскерге шақырылған жері Алматы облысы,Балқаш аудандық әскери коммисариаты. Біз бір анадан екеуміз ғана.Менің жасым (1937жылы туылғанмын)сексенге қараған шағымда Отан үшін шейіт болған бауырымның бір қызметін көрсем деп едім. Мәртебелі министр мырза Сіздің қамқорлығыңызбен мүмкіндігінше азды-көпті бір көмек бола ма деп өтінемін. Жеке куәліктің көшірмесі қосымша тіркелді Құрметпен М.Утешов 20.09.2016жыл Мекен-жайы Индекс 040909 Алматы облысы Қарасай ауданы,Алмалыбақ ауылы Хабибуллин к-сі,9 үй Тел: 87013974210
Файлдар:
- Утешов Мырзахмет
- Ерікті тақырыбы
- 26.09.2016
- 2249
- Өтініш нөмірі 446163
Жасұзақов С.Ә. 04.10.2016, 04:59
Құрметті Өтешов Мырзахмет! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде Сіздің 1918 жылы туылған ағаңыз Утешов Қожахметтің 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы ақпаратты ұсыну мәселесі бойынша өтінішіңіз қаралды. Ресей тарапынан ұсынылған Қазақстан аумағынан шақырылып алынған әскери қызметшілердің Ұлы Отан соғысы уақытында қаза болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деректер банкінде «1918 жылы туылған Отешев Кожахмед, ҚКСР Алма-Ата облысы Балқаш АӘК-пен 1942 жылғы 20 наурызда әскерге шақырылып, 1944 жылы қыркүйек айында хабар-ошарсыз кеткен» делінген. Сіздің ағаңыз – Отан қорғаушы туралы мәңгі есте сақтау туралы сезіміңіз бен қамқорлығыңыз бізге түсінікті де жақын, бірақ, өкінішке орай, ол туралы басқа мәліметтер қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде, Алматы облысының әскери басқарудың жергілікті органдарында жоқ. «Ресей Федерациясындағы мұрағат ісі туралы» Ресей Федерациясының 2004 жылғы 22 қазандағы №125-ФЗ Федеральды заңының 26-бабы 3-тармағына сәйкес, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты (бұдан әрі – РФ ҚМ ОМ) Ресей Федерациясының заңнамасымен және халықаралық міндеттемелерімен анықталған, азаматтарды әлеуметтік қорғаумен байланысты, олардың зейнетақымен қамтамасыз етілулерін, жеңілдіктер мен өтемақыларды алуларын көздейтін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы анықтамаларды орындайды. Осы санатқа жатпайтын сұрақтарды РФ ҚМ ОМ орындамайды. Сонымен қоса, 2015 жылдан бастап Германиялық Бундестаг Германия аумағында орналасқан концлагерлердің бұрынғы әскери тұтқындарына бір жолғы жәрдемақы төлеуге ақша қаражаттарын бөлу туралы (2015 жылғы 21 мамырда) шешім шығарған. Концлагерлердің бұрынғы тұтқындары талап ете алатын бір жолғы жәрдемақының мөлшері 2500 еуроны құрайды. Жәрдемақыны алуға 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 8 мамырға дейінгі кезеңде Германия концлагерінде шынымен болған бұрынғы әскери тұтқындар ғана талап қоя алады. Осыған байланысты, өкінішке орай, Ұлы Отан соғысы кезеңінде хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерге жоғарыда аталған бірыңғай өтемақы төлеу жөнінде таратылмайды.