• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шөкеев Ө. Е.
  • Өтініш
Шөкеев Ө. Е.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Сәлеметсіз бе! Құрметті ТУЙМЕБАЕВ ЖАНСЕИТ КАНСЕИТОВИЧ! Мен Абдраймов Акжол Құрбанбайұлы, 30 жастамын. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Алпамыс батыр ауылды мекенінде туып өстім. Қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғынымын. 2010 жылы медицина саласы бойынша жоғары оқу орнын бітірдім. 2011 жылы №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасына дәрігер Педиатр болып орналастым. Осы аурухананың жолдауымен 2012 жылы Алматы қаласында дәрігерлерді қайта даярлау бойынша Анестезиология және Реанимация мамандығын алып, жұмыс істедім. 2013 жылдан жан сақтау бөлімінің (Реанимация бөлімінің) меңгерушісі қызметін атқардым. Иа, көптеген жетістіктерге жеттік, қаншама нәрестелермен балалар өміріне араша болдық. 2017 жылы наурыз айында өз еркіммен жұмыстан босап, Шымкент қаласындағы Облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесіне кардиоанестезиолог және реаниматолог маманымен жұмысқа орналастым. Себебі, әрі қарай кәсіби мамандығымды және тәжірибемді жетілдіріп, өз біліміммен өзімнің медицина саласы бойынша жүрегіндегі тума ақауымен туылған нәрестелермен балаларға көмегімді тигізу арқылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіне үлесімді қосу. Қазіргі жағдай бойынша көмегінізді сұранамын. 2012--2017 жыл аралығында мен қызмет атқарған №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Г.С. Укбаева нұсқауы бойынша 2015 жылғы Шымкент қаласында "Сәулелік диагностика" маманы бойынша қайта даярлау және 2016 жылы "Нәрестелер анестезиология және реанимация" Минск қаласында біліктілікті жетілдіру бойынша оқудың ақшасын 550000 теңге (бес жүз елумың теңге) талап ету мақсатында 12.06.2017 жылы сотқа (Шымкент қаласы, Қаратау аудандық сотына) шақыртып отыр. Мен оқып, білімімді жетілдірсем, ол тек нәрестелермен балалар үшін пайдамды тигізу мақсатында Денсаулық сақтау саласы оқытпадыма? Мен Қазақстан Республикасының қаражатына оқымадымба? Мен бұл сала бойынша жұмысымды тоқтатқаным жоққой, сол бір обылыс, сол бір қалада нәрестелер мен балаларға тек екінші обылыстық балалар ауруханасында көмегімді жалғастырудамын ғой. Қазіргі жас мамандармен жұмысшыларды қолдау саясаты неге қаралмайды. Иа, айлығымыз жүз мың көлемінде, бірақтан Шымкент қаласынан "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша үй аламыз деп Жилстройсбербанкке айлықтың жартысынан көбін құямыз. Келіншегімде студент, осы медицина саласында 7 курста "Педиатр" мамандығын бітіріп, әрі қарай 2 жылымыз қалады. Құдай бұйыртса балалар дәрігерлер отбасы боламыз. Құрметті ТУЙМЕБАЕВ ЖАНСЕИТ КАНСЕИТОВИЧ! Осы маселе бойынша мені өсіп келе жатқан жас маман ретінде қолдағаныңызды, және осы жағдайда көмегіңізге қатты мұқтажбын. Және сізден өте көп үміт күтемін. Денсаулығыңыз мықты болсын! Сізге құдай қуат берсін!

  • Абдраймов Акжол
  • Денсаулық сақтау
  • 09.06.2017
  • 851
  • Өтініш нөмірі 465675

Жауаптар (1)

Түймебаев Ж.Қ. 13.10.2017, 03:39

Құрметті Абдраймов Ақжол Құрбанбайұлы, Сіз 2011 жылдан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасында дәрігерлік қызметін атқардыңыз. Педиатр сертификатымен жұмысқа қабылданғансыз. Аурухана жолдауымен 2012 жылы Алматы қаласында «Анестезиология және реанимация» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, реанимация бөлімшесіне дәрігер реаниматолог ретінде ауыстырылдыңыз (аурухана бюджет есебінен іс-сапар шығыны 590 868 теңге). Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Сізді 2011 жылдан жас маман болып келген уақыттан біліміңізді жетілдіріп, біліктілігіңізді арттырып маманданған дәрігер болуыңызға және жұмысқа ынталандыру үшін үстеме ақылар төленуге жағдай жасалынды. Сізге 2017 жылдың 16 ақпанынан бастап, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49 бабының 5 бөлігінің талаптарына сәйкес, жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзылуына байланысты Еңбек кодексі, еңбек шартына және ұжымдық шартқа сәйкес, жұмыскер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу бойынша жұмыс істелмеген мерзіміне толық мөлшерде жұмыс берушіге өтеу қажет, сондықтан аурухана есебінен оқуларға жұмсалған қаражаттарды төмендегі тізім бойынша кері қайтаруын талап етілген: 1) «Сәулелік диагностикасы» мамандығы бойынша қайта дайындықтан өту оқуы 258 100 (екі жүз елу сегіз мың жүз) теңге. 2) «Қарқынды терапия және неонатологиядағы реанимация» тақырыбы бойынша білімін жетілдіру оқуы 295 000 (екі жүз тоқсан бес мың) теңге. Барлығы 553 100 (бес жүз елу үш мың жүз) теңге кері қайтару жайлы хабарлама хат берілген. Сіз сол күні танысып қарсы еместігіңізді білдіріп, көшірмесін алғансыз. Алайда 2017 жылдың 16 мамырға дейін төлем ақыны қайтару туралы Сізден ешқандай хабар болмаған. Аурухана алдында өз міндеттеріңізді орындамағаныңыз үшін, аурухана әкімшілігі 2017 жылдың 16 мамырдағы №414, Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау аудандық сотына оқу шығынын өндіру туралы талап-арыз өткізілген. 2017 жылға14 шілдедегі Іс №2-2855 бойынша сот шешіміне сәйкес, Сізден «№1 Шымкент қалалық балалар ауруханасы» МКҚК-ның пайдасына 379 285 (үш жүз жетпіс тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге оқу шығыны өндірілсін делінген. Сіздің мәселеңіз бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне 2017 жылғы 01 шілдедегі №24-09-05/5789 хатымен жауап жолдаған.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Шөкеев Ө. Е.

Түркістан облысының әкімі

Шөкеев Ө. Е.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика