- Блогтар
- Шөкеев Ө. Е.
- Өтініш
Құрметті Туймебаев Жансейіт Қансейітұлы! Мен Қозиев Саят Жасұзақұлы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Әділет басқармасында бас маман қызметін атқарамын /С-R-4 санатында/. Жасым 24 те. 2015 жылдан бері осы салады қызмет етіп келемін. Негізгі айлық 74 000 - 75000 көлемінде, алайда қолға тиетіні 61 000 тг. Пәтерді жалға алып анам екеуіміз тұрамыз. Айма-ай 30 000 теңге пәтерге толеймын, коммуналдық шығынға 5000 тг көлемінде қысты күндері 20 000 тг барады. Қасымда анам бар жұмыссыз үйде. Сол 61 000 тг айлықты барлығына жеткізу керек. Жұмыс өте ауыр, жауапкершілік өте жоғары. Өте қиын негізі. Пәтерде кезекте тұрғаныма 1 жыл болды. Мен Сізден тұрғын үй мәселесі бойынша көмек сұраймын. Себебі өте қиындап кетті еркін өмір сүруге!
- Қозиев Саят
- Әлеуметтік қамсыздандыру
- 31.12.2017
- 834
- Өтініш нөмірі 480837
Түймебаев Ж.Қ. 15.01.2018, 09:38
Жергілікті атқарушы орган тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-74 баптарына сәйкес жүргізеді. Азамат С.Қозиев тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері және әскери қызметшілер тізімінде 16.01.2017 жылдан бастап, қазіргі таңда№15151 кезекте тіркелген. Аталған Заңның 74 бабына сәйкес осы тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды делінген. Сондықтан жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына сәйкес тұрғын үй мәселесі тек кезек ретімен шешімін табады. Одан бөлек, азамат С.Қозиев тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шегінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек-Девелопмент» АҚ-дары арқылы тұрғын үймен қамтылу бағыттары бойынша ниет білдіруге құқылы. Аталған бағыттардың біріне тіркелу үшін азаматтардан құжаттар қабылдау туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында берілген күннен бастап, төлем қабілеттілігі жеткілікті болған жағдайда өтінішін «электронды үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға болады.