• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А. Ғ.
  • Өтініш
Балаева А. Ғ.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Д.А. Калетаев мырзаға Алматы облысы, Талдықорған қаласының орта мектеп оқушыларының ата – аналарынан байланыс тел.87714955095 Біз Алматы облысы, Талдықорған қаласының әр түрлі жастағы орта мектеп оқушыларының (кәмелетке толмаған балалар) ата – аналарымыз. 2018 жылдың сәуір айының 03 жұлдызынан, яғни оқу жылының IV тоқсанынан бастап, қазіргі уақытта балаларымызды Алматы облысы Білім басқармасының бастамасымен, мектеп әкімшіліктері сабаққа кіргізбеуде. Оған себеп қыз балаларымыздың бастарына орамал киіп келуі болып отыр. Өздерінің әрекеттерін білім жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» туралы бұйрығының «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» деген 13 тармағына сәйкес атқарып отырғандарын түсіндіруде. Алайда біздің пікірімізше жоғарыда аталған жағдай заңсыз болып табылады. Себебі біздің қыздарымыз, мектепке (үлгіге сәйкес) мектеп формасымен барып жүр, ал бастарына орамал тағып келуі ешқандай заңмен тиым салынбаған. Керісінше бұл жерде ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 14, 30 баптарының бұзылуы көрініс тауып отыр. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Қыздарымыз білім алуда мектеп бағдарламасынан қалып жатыр. Осы мәселені шешіп беру туралы, Алматы облысының уәкілетті органдарына (Алматы облысының Прокуратурасы, Алматы облысы әкімінің аппараты, Алматы облысының білім басқармасы,) өтініш хаттар жолданған болатын. Бірақ, осы күнге дейін ешқандай іс-шаралар атқарылмай жатыр. Сізден аталмыш мәселе бойынша көмек көрсетуіңізді сұраймыз!!!

  • Касимов Айбат
  • Руханият және дін
  • 13.04.2018
  • 499
  • Өтініш нөмірі 492327

Жауаптар (1)

Кәлетаев Д.А. 24.04.2018, 03:02

Құрметті Касимов Айбат! ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде өзін орнықтырады. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабының 1-тармағында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады. Осыған тұрғыдан, «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әзірленген. ҚР «Білім туралы» Заңының 47, 49-баптарында оқушылардың мектеп формасын сақтауға және ата-аналардың мектеп формасымен қамтамасыз етуге міндеттілігі жүктелген. Мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар қазақстандықтар үшін орта білім беру мекемелерінде міндетті түрде орындауға жататын нормативтік қағида болып табылады. Мемлекет білім беру саласында жалпыға ортақ қабылданған ішкі мінез-құлық қағидасын орындауға міндеттейді. Бұйрықтағы талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін тікелей жоюға бағытталған. Олар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мектеп формасының үлгісін, түсін регламенттейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (бұдан әрі – ҚМДБ) Мектептегі киім үлгісіне қатысты ұстанымын 2017 жылғы 6 желтоқсанда жариялады. ҚМДБ өз ұстанымында ең әуелі мұсылман ер кісі мен әйел адамға білім алудың міндетті парыз екендігін атап көрсетеді. Ал мектеп жасындағы балаға білімді үйрету – әрбір адамның азаматтық әрі мұсылмандық борышы, сондай-ақ діни және зайырлы білім алу – жарқын болашақтың кілті екендігін назарға салады. ҚМДБ ислам діні балиғат жасына толмаған, санасы толық қалыптасып үлгермеген, орамал тағудың түпкі мәні мен маңызын, үкімін түсінбейтін кішкентай қыз баласына орамал тағуды міндеттемейтініне назар аударады. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршінді жаулық жабуға мәжбүрлеуден бұрын, оған ең әуелі білім мен тәрбие берген абзал. Бұл – ата-ананың басты міндеті болып табылады. Осы ұстанымында ата-аналарды мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қойылатын талаптарға түсіністікпен және сабырлықпен қарауға шақырады. Себебі, еліміздегі орта мектептерде оқушылардың киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында мемлекет тарапынан шешім қабылданған деп есептейді. Осы орайда, ҚМДБ қыз-баланың толыққанды зайырлы білім алуына оқушылардың ата-аналары еліміздің заңнамасының талаптары шеңберінде қамтамасыз етуі жөн деп санайды. Осы ретте, «Білім туралы» Заңмен бекітілген орта білім беру ұйымдарының ішкі тәртібін сақтау мақсатында мектеп формасына қойылатын талаптар ар-ождан бостандығын бұзбайды, тиісінше мемлекет алдындағы міндеттемелерді орындаудан бас тартпауға үндейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14-қаңтардағы №26 бұйрығында бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орынды деп санаймыз.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Балаева А. Ғ.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Балаева А. Ғ.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика