Түркістан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлына Құрметті Жансейіт Қансейітұлы! Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің және Түркістан облыстық әкімдігінің келісімі бойынша 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күніне орай «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарымен, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерімен бірнеше кездесу өткіздік. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданының Атакент кентіндегі «№14 колледж» МКҚК-де студент жастармен болған кездесуді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Сүндет Қахраманұлы Кенжебаев ашып, жүргізіп отырды және Мақтаарал аудандық Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы Әділхан Айдаханұлы Тұрсынханов қорытындылап, сөз сөйледі. Ал Жетісай қаласындағы Мәдениет үйінде өткізілген Жетісай ауданы әкімдігінің жас мемлекеттік қызметшілерімен және студент, жұмысшы жастарымен болған кездесуді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы Жолдасбеков ашып, жүргізіп отырды. Іс-шара Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарын, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерін: - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ Заңымен; - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен; - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ ҚРЗ Заңымен; - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 172-VІ ҚРЗ Заңымен; - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен»; - Елордамыздағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының және «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің тыныс-тіршілігімен; - «Қоғамдық байланыс» мамандығының ерекшеліктерімен және осы сала бойынша студенттер мен магистранттарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметінің барысымен жан-жақты таныстырдық. Өзіміз басшылық жасайтын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үкіметтік емес ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған осы іс-шараны өткізуге жас кәсіпкер, ұлтжанды азамат Асқар Рахымбердиев белсене атсалысқанын ерекше атап өткіміз келеді. Сонымен бірге Түркістан облысының әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты аталған өңірді екіге бөліп, Мырзашөл, Шардара және Сарыағаш өңірлеріндегі қала, аудандардан еліміздің 15-ші жаңа Оңтүстік Қазақстан облысын құру туралы ұсынысымызға орай қарапайым қара халықтың көзқарасын білу мақсатында өзіміз басшылық жасайтын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үкіметтік емес ұйымының бастамасымен және жас кәсіпкер, ұлтжанды азамат Асқар Рахымбердиев бауырымыздың демеушілік етуімен Астана – Шымкент – Сарыағаш – Абай – Атакент – Жетісай – Шардара – Ұзын Ата – Алатау батыр – Сүткент – Байырқұм – Арыс – Шымкент – Астана бағытымен жол жүріп, ел арасындағы қоғамдық пікірді зерттеп қайттық. Осы тақырып бойынша сілтемелер: http://zertteushi.kz/news_260920181 http://maqtaaral-bilim.kz/glavnye-novosti/1431-news-26092018-03 https://abai.kz/post/77815 https://www.qamshy.kz/article/mirzashol-shardara-zhane-sariaghash-onhirindegi-500-minh-xaliqti-oylap-zhanha-15-shi-oblis-qurayiq.html http://ult.kz/post/myrzashol-men-shardarada-zhana-oblys-kuryluy-kerek Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үкіметтік емес ұйымы Түркістан облысының әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты Түркістан облысының орталығынан 250 шақырым қашықтықта қалып қойған, кем дегенде 500 мың халық тұратын осынау түкпірдегі өлкеде – Мырзашөл және Шардара өңірінде ұлттық мәдениетті ілгерілету, азаматтардың, әсіресе жастардың бойында білімге құштарлықты қалыптастыру секілді мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, нақты адамдармен, әсіресе жастармен рухият саласында жүйелі жұмыс істеуді, түкпірде қалып отырған осы өлкеде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асырып, арнайы танымдық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осыған орай, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үкіметтік емес ұйымының Түркістан облысына қарасты Мырзашөл, Шардара, Сарыағаш және Келес өңірлерінде ұлттық мәдениетті ілгерілету, азаматтардың, әсіресе жастардың бойында білімге құштарлықты қалыптастыру секілді мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, нақты адамдармен, әсіресе жастармен рухият саласында жүйелі жұмыс істеуді, түкпірде қалып отырған осы өлкеде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асырып, арнайы танымдық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруы үшін 2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 160-VІ ҚРЗ Заңына, 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының №36 Заңына сәйкес арнайы жоба тақырыптары ретінде бекітілуіне, сондай-ақ осы тақырыптар бойынша «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар бөлінуіне және арнайы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және оны іске асыруға ықпал етуіңізді сұраймыз. Құрметпен, Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD).

  • Жақып Мырзантай
  • Жастар саясаты
  • 03.10.2018
  • 21
  • Өтініш нөмірі 517514

Жауаптар (1)

Түймебаев Ж.Қ. 02.11.2018, 07:07

Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдармен 5 басқарма және аудан, қала әкімдіктері жұмыс атқарады. 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша облыстық бюджеттен 446,1 млн. теңге, қалалық, аудандық бюджеттерден 211,8 млн. теңге қаржыға электронды түрде конкурс жарияланып өткізілді.