- Блогтар
- Шөкеев Ө. Е.
- Өтініш
Өзіңіз білетіндей, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі футболистер дайындау қиын. Осы мәселені Қазақстан шеше алмағандықтан, жыл өткен сайын легионерлер көбейіп жатыр. Бұл Қазақстан футболын кері тартып, экономикамыздан қаржылардың шетелге ағылуын көбейтуде. Осы мәселелерді шешу үшін "Арландар" футбол клубы - Португалияда футболистер дайындап жатыр. Таяуда португалдық клубтармен бірігіп, "Қазақстан-Португалия Футбол Ассоциациясын" құрдық; әлемде баламасы жоқ «Мектеп пәндерін футбол арқылы үйрету» методикасын жаздық. Елбасының Жастар жылы тапсырмасын орындау мақсатында, Португалияда жастарымыздан футболистер дайындасақ. Осылайша мемлекеттік деңгейдегі өте үлкен стратегиялық мәселені шешер едік: португалдық футбол академиялары өз имидждерін, рейтингтерін түсірмес үшін дайындаған футболистерімізді еуропалық клубтарға орналастыруға тырысады. Ең кемінде, Қазақстанға келіп, дамымаған 3-елдерден келген (Англия, Германия, Франция секілді елдерден ешқашан футболистер келмеген) легионерлерді нарықтан ығыстырып шығарады. Осы мақсатта облыстың дарынды балаларын Португалияда оқыту үшін, қолдау жасауыңызды сұраймын. Қайтарымы орасан игі істің басында боларсыз деген үміттемін. Құрметпен Ф.Ә.Мұстанов 87773063150 arlandarfc@gmail.com
Файлдар:
- Мұстанов Фазылбек
- Спорт
- 17.03.2019
- 748
- Өтініш нөмірі 541108
Шөкеев Ө. Е. 26.03.2019, 07:58
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сәйкес жас футболшыларды Еуропалық клубтарда, оның ішінде Португалияда мемлекетінде облыстық бюджет есебінен оқытуға қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүмкіндік жоқ.