- Блогтар
- Сағынтаев Б.Ә.
- Өтініш
Саламатсыз ба! Алматы қаласы, Сайран көлінің шығыс жағында Варламов көшесі орналасқан. Қарсы келген екі машина сыятын көше. Бірақ жол шетіне машина қойса (парк етсе) бір ғана машина сыятын боп қалады. Мен осы жайында "Open Almaty" порталына жазған едім. Жол жиегіне машина қоюға "болмайды" ( / ) деген белгі орнатуын өтініп. Өйткені, жаз мезгілінде адамдар суға шомылуға келеді, бәрі сол Варламов көшесіне қояды көліктерін. Кесірінен ол көшемен жүру қатты қиындайды. Екі жақтан қарсы келген машиналар бір-біріне кедергі боп, үлкен кептеліс орын алады. Осы мәселені тезірек қолға алсаңыздар екен. Рахмет!
- Байменшин Ахмет
- Көлік
- 23.06.2019
- 450
- Өтініш нөмірі 555817
Сағынтаев Б.Ә. 11.07.2019, 11:35
Құрметті Ахмет! Сіздің жолдаған хатыңызды, Алматы қ. ІІД Әкімшілік полициясы басқармасында қарастырылып, өтініште көрсетілген мәселе бойынша, әкімшілік полициясы қызметкерлерімен көрсетілген орында тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аталмыш мәселе бойынша, яғни Варламов көшесі бойында 3.27 «Аялдауға тыйым салынады» жол белгісі қажеттілігі жайлы мәлімет бағдарлама әкімшілігіне (Алматы қаласы мобилділік басқармасы) жолданғанын хабарлаймыз. Алматы қаласы ӘПБ бастығы полиция полковнигі Ж.Мураталиев орын : М.Р Беспаев тел :254-49-91