- Блогтар
- Абаев Д.Ә.
- Өтініш
Құрметті Министр мырза! Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 8 бабына және 10-бабына сәйкес, Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс. Астана қаласы, Түркістан к-сі 2 мекенжайы бойынша орналасқан жерасты паркингіне кіріп шығу жолдарының сыртқы белгілері заң талаптарына сай емес және Сәулет, қала құрылысы органдарының келісімінсіз орнатылған. "Алатаужилсервис" ЖШС басшысына айтқанмын, алайда ол мәселе КСК құзіретіне кірмейді деді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес жазбаша сұрау салуда: ақпаратты сұрататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (Жандос Лесбекұлы Өстемір), жеке сәйкестендіру нөмірі (750128301802); пошта мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы (Астана, Түркістан көшесі 2/65), телефон немесе телефакс нөмірі (87019121616),көрсетіледі. Жоғарыдағы заңның 10-бабына сәйкес жауап беріп, тиісті шара қолдануыңызды сұраймын! Рахмет.
- Устемиров Жандос
- Мемлекеттік тілді дамыту
- 30.09.2019
- 566
- Өтініш нөмірі 572380
Райымқұлова А.Р. 11.10.2019, 02:15
Құрметті Жандос Лесбекұлы! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Сіздің Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі көрнекі ақпараттың бір тілде берілуі жөніндегі хатыңызды қарастырып, осы мәселе бойынша құзыретіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) арнайы хат жолдағанын хабарлайды. Қабылданған шаралар жөнінде Сізге Басқарма тарапынан қосымша жауап берілетін болады.