- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
- Өтініш
Сәрпеков Р.Қ.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры
Қайырлы күн! ҚР-ның бекітілген ВЕДОМСТВОЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫН (ВСН 123-90) қазақ тіліндегі нұсқасын қайдан табуға болады? Егер қазақшасы жоқ болса, бұнымен айналысу қай мемлекеттік мекеменің құзыретінде?
- Әділханұлы Қуаныш
- Мемлекеттік тілді дамыту
- 17.01.2020
- 216
- Өтініш нөмірі 590294
Сәрпеков Р.Қ. 21.01.2020, 10:06
Құрметті Әділханұлы Қуаныш! Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің (бұдан әрі – Комитет) 14-тармақтың 20)-тармақшасына сәйкес Комитеттің негізгі міндеттерінің бірі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің нормативтік-техникалық және әдістемелікпен қамтамасыз ету. Осыған орай, толығырақ мәліметті алу үшін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жүгінуіңізге болады (www.miid.gov.kz). Р. Сәрпеков