- Блогтар
- Акшулаков С.К.
- Өтініш
Акшулаков С.К.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы
Құрметті Серік Қуандықұлы мен Атырау қаласынан 2 -топ мүгедегі Сеитов Сержан Асқарұлы 2013-2015 жылдары "Ұлттық нейрохирургия" орталығынан аденома гипофиза бойынша ота жасалдым. ота кезінде ісікті жартылай алынды дәрігерім Тельтаев Данияр Керимкулович. 2019 шілде -тамыз айында томотерапия орталығынан ем жүргізілді. ол ем кезінде опухоль 2 мм азайған. сізге қояр сұрағым гамма -нож қондырғысы сіздерде барма, немесе отамен(операция арқылы опухольді түгелдей алып тастауға болмайма.
Файлдар:
- Сеитов Сержан
- Денсаулық сақтау
- 25.01.2020
- 176
- Өтініш нөмірі 591543
Пазылбеков Т.Т. - медициналық директор 14.02.2020, 06:12
Құрметті Сержан Асқарұлы, Сіздің сұрағыңызды қарастырып, Ұлттық нейрохирургия орталығы келесіні хабарлайды. Гамма-пышақ біздің Орталықта 2020 жылдың көктемінде іске қосылады деп жоспарлануда. Алайда, жағдайыңыз бойынша одан әрі емнің тактикасын қарастыру үшін, neuro_omo@mail.ru поштасына мына құжаттарды жіберуіңізді сұраймыз: 1) DICOM форматындағы соңғы түсірілген МРТ суреттері (контрастпен). Соңғының алдындағы МРТ-ні қоса тіркеуге болады. 2) Гипофиз гормондарына жасалған анализ қорытындысы. 3) Эндокринолог, офтальмолог, невролог дәрігерлерінің қорытындылары. Осы материалдарды қарастырғаннан кейін, нейрохирург-дәрігерлер өз қорытындысын бере алады.