- Блогтар
- Есин Д. Н.
- Өтініш
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқармасының Төрағасы Ойшыбаева К.Б. мырзаға Dombyra ұлттық телеарнасының басшысы Ержігітов Қанат Құдайбергенұлынан: Құрметті Кемелбек Бақтығұлұлы! Ұлттық мәдениетімізбен руханиятымызды дәріптеу – мемлекеттің саясатының басты бағыттарының бірі болғандықтан осы бағытта жүйелі және маңызды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол бағыттардың бірі - ұлттық аспабымыз, бабалардан жеткен жәдігеріміз бен ұлттық кодымыздың тұғыры мен символы – домбыра мен ұлттық музыка өнерін сақтау әрі оны жаңғырта отырып өскелең ұрпаққа аманат етіп жеткізу. Елімізде қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Dombyra» Ұлттық телеарнасы Сізден мәдениет және қоғамдық даму саласы бойынша қолдау сұрайды. «Өңірлік таным және мәдениетіміз» атты жобалық бағдарламамызды ұсынып отырмыз, негізгі мақсат мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, рухани мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау. Еліміздің қоғамдық-мәдени іс-шараларымен, руханиятымызды насихаттап телеарнадан жыл бойы көрсетілім жасау. Сіздермен бірге идеологиялық құрал ретінде бірлесіп жұмыс атқаруға дайынбыз. Бағдарлама аясында мына бағыттарда көрсетілімдер жасалынады: - Асыл мұра (ұлы тұлғалардың өнер мектептерін насихаттау) 4 бағдарлама, - Аңыз әңгімелер (ұлттық салт-дәстүрлер) 10 бағдарлама, - Ата кәсіп (қол өнер шеберлері мен ұсталары) 6 бағдарлама, - Жеті қазына (тарихи мұралар мен көнекөз құндылықтар) 4 бағдарлама, - Маусымашар (филармонияның өнерпаздарын насихаттау) 4 маусымға 4 бағдарлама, - Ұлы Дала әуендері (дәстүрлі ән-күй, жыр-термелер) 40 өнерпаздан 5 шығармадан 200 шығарма. Ұзақтығы 15-20 минуттан болатын 28 бағдарлама, өнерпаздардан 200 шығарма ұсынылады. Осы жобамызды өз назарыңызда ұстап, институт тарапынан қолдауыңызды өтінеміз. «Dombyra» Ұлттық телеарнасы Республикамыздың барлық өңірлерінің мәдени құндылықтарын насихаттауға 24 сағат көрсетуге мүмкіндігі жеткілікті. Тағы да басқа ұсыныстарымызды талқылау үшін Сізбен жеке кездесуді сұраймыз.
Файлдар:
- ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ "ZHULDYZ TV MEDIA (ЖУЛДЫЗ ТВ МЕДИА)"
- Мәдениет және ақпарат
- 05.05.2020
- 114
- Өтініш нөмірі 613805
Ойшыбаев К.Б. 13.05.2020, 03:18
Құрметті Қанат Құдайбергенұлы!
Қолдау жөнінде өтініш жасағаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздің мәдениетімізді танымал етуге және ұлттық музыкалық өнерді сақтауға қосқан үлесіңізді атап өту маңызды.
Өз кезегімде мен Сіздің ынтымақтастық туралы ұсынысыңызды қарауға дайынмын. "Dombyra" телеарнасы туралы толық ақпаратты және кездесу күні мен уақытын анықтау үшін Сіздің байланыс деректеріңізді pr@kipd.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймын.