- Блогтар
- Балабатыров А.С.
- Өтініш
«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Бас директоры Балабатыров А. С. «Dombyra» Ұлттық телеарнасының басшысы Ержігітов Қанат Құдайбергенұлынан: Құрметті Асқар Сейтжанұлы! Ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дәріптеу – мемлекеттің ақпараттық саясатының басты бағыттарының бірі. Ұлт жанашырларының қолдауымен 2019 жылдың 1 наурызынан бастап, тәулігіне 24 сағат бойы рухани байлығымызды дәріптейтін «Dombyra» Ұлттық телеарнасы (https://www.youtube.com/watch?v=NZdi34Tfenc) іске қосылып, ID TV кабелдік желісінде көрсетілуде. Қазақи ән-күй, терме-толғау, қисса, жыр-дастандарын аңсап, іздеуі ел ішінде аңық байқалады. «Dombyra» Ұлттық телеарнасы – қазақ халқының рухани жан серігіне айналған жаңа форматтағы телеарна. Осы мақсатта «Өңірлік таным және мәдениетіміз» атты жобамызды еліміздің өңірлерінің шығармалары мен салт-дәстүрін өз мақамында бұзбай ұстанып келе жатқан шеберлері мен тарихи құндылықтарды кеңінен насихаттауға Сізден ұлт жанашыры ретінде қолдау жасап демеушілік көрсетуіңізді сұраймыз. Елдің ұлттық музыкаға ауып тұрған ыстық ықыласын суытып алмау үшін «Dombyra» Ұлттық телеарнасын «ОТAU ТВ» жерсеріктік телевизияға Республикалық деңгейде қосылуына және шетелдегі қандастарымыз көре алатындай мүмкіндікке себебші болсаңыз. Коммерциялық телеарна болмағандықтан Dombyra Ұлттық телеарнасының жағдайы қиындау кезеңде. Төтенше жағдайға байланысты өзін-өзі қаржыландыру мүмкін болмай тұр. Рухани құндылығымызды насихаттайтын жалғыз телеарнамызға қаржылық қолдау өте қажет, осы айдың 20-на дейін екі айлық эфирдің ақысын төлеуіміз қажет, оның құны 3,000,000 теңгені құрайды. Төлемеген жағдайда, телеарна жұмысын тоқтатуға мәжбүр.
Файлдар:
- ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ "ZHULDYZ TV MEDIA (ЖУЛДЫЗ ТВ МЕДИА)"
- Мәдениет және ақпарат
- 06.05.2020
- 98
- Өтініш нөмірі 614082
Нищенко Светлана Арнольдовна, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, бас директор блогының модераторы 12.06.2020, 04:06
Құрметті Қанат Құдайбергенұлы! Өскемен ГЭС мүмкіндігінше көмекке жүгінген азаматтардың барлығына көмек көрсетуге тырысады. Мемлекеттік кәсіпорын бола отырып, станцияның қадағалаушы органмен келісілген қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету туралы Ережесі бар. Осы Ереженің талабы бойынша, қайырымдылық және демеушілік көмек тек кәсіпорын орналасқан аймақта ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғанға байланысты, станция Сізге көмек көрсете алмайды.