- Блогтар
- Ыбрайымов А.І.
- Өтініш
Ыбрайымов А.І.
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті Ыбрайымов А.І. мырзаға «Dombyra» Ұлттық телеарнасының басшысы Ержігітов Қанат Құдайбергенұлынан: Құрметті Ыбрайымов мырза! Ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дәріптеу – мемлекеттің ақпараттық саясатының басты бағыттарының бірі. Ұлт жанашырларының қолдауымен 2019 жылдың 1 наурызынан бастап, тәулігіне 24 сағат бойы рухани байлығымызды дәріптейтін «Dombyra» Ұлттық телеарнасы (https://www.youtube.com/watch?v=NZdi34Tfenc) іске қосылып, ID TV кабелдік желісінде көрсетілуде. Қазақи ән-күй, терме-толғау, қисса, жыр-дастандарын аңсап, іздеуі ел ішінде аңық байқалады. «Dombyra» Ұлттық телеарнасы – қазақ халқының рухани жан серігіне айналған жаңа форматтағы телеарна. Осы мақсатта «Өңірлік таным және мәдениетіміз» атты жобамызды еліміздің өңірлерінің шығармалары мен салт-дәстүрін өз мақамында бұзбай ұстанып келе жатқан шеберлері мен тарихи құндылықтарды кеңінен насихаттауға Сізден ұлт жанашыры ретінде қолдау жасап демеушілік көрсетуіңізді сұраймыз. Елдің ұлттық музыкаға ауып тұрған ыстық ықыласын суытып алмау үшін «Dombyra» Ұлттық телеарнасын «ОТAU ТВ» жерсеріктік телевизияға Республикалық деңгейде қосылуына және шетелдегі қандастарымыз көре алатындай мүмкіндікке себебші болсаңыз. Коммерциялық телеарна болмағандықтан Dombyra Ұлттық телеарнасының жағдайы қиындау кезеңде. Төтенше жағдайға байланысты өзін-өзі қаржыландыру мүмкін болмай тұр. Рухани құндылығымызды насихаттайтын жалғыз телеарнамызға қаржылық қолдау өте қажет, осы айдың 20-на дейін екі айлық эфирдің ақысын төлеуіміз қажет, оның құны 3,000,000 теңгені құрайды. Төлемеген жағдайда, телеарна жұмысын тоқтатуға мәжбүр.
- ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ "ZHULDYZ TV MEDIA (ЖУЛДЫЗ ТВ МЕДИА)"
- Мәдениет, ақпарат және экология
- 06.05.2020
- 255
- Өтініш нөмірі 614097
Ыбрайымов А.І. 19.05.2020, 05:17
«Қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «www.egov.kz» порталындағы Қоғамның президенті А. И. Ибраимовтың блогына келіп түскен ағымдағы жылғы 6 мамырдағы №614097 өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғам квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде шығыс операцияларын жүргізу кезінде Қоғамның директорлар кеңесі жыл сайын бекітетін даму жоспарын басшылыққа алады. Бекітілген Қоғамның 2020 жылға арналған даму жоспарында қайырымдылықпен, оның ішінде демеушілік көмек көрсетумен байланысты шығыстар көзделмеген. Сондықтан, ағымдағы жылы "Dombyra" телеарнасына қаржылық қолдау көрсету мүмкін емес.