- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
- Өтініш
Сәрпеков Р.Қ.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры
ҚР Бас Прокурорына жазған аызымды файлға жүктедім ашып оқысаңыз екен. Сол арызда көрсетілген мәселе бойынша сізден көмек сұрап отырмын. Менің Әділет Департаментінде тіркелген Адам құқықтарын қорғау ЖШС мекемем бар. Біздің мекеме жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаумен айналысады, Бізге келуші клиенттердің бірі 2019 жылы мамыр айында менің үстімнен арыз жазыпты ақшаны алып мәселені шешпеді деп. Түркістан қалалық ІІБ на. Барып біз айналыстық. Тиісті мекемелерге хат жолдадық деп түсініктеме бердік. Бұл мәселенің азаматтық тәртіппен шешілетінін түсініп істі қысқартқан болатын. Алайда істі тағы қозғап, біздің мекемені 1 жылдан бері тексеріп, жұмыс жасауымызға мүмкіндік бермей келеді. 1 жыл уақыттан бері әр түрлі құжаттарды сұратып, тексеріп, бірде налог төлемегенсің бірде отчет өткізбегенсің деп, менің кәсіпкерлік жұмысыма кедергі келтірумен келеді. Біздің әрекетіміз заңды, бірақ соны түсінбей қайта қайта негізсіз тексерулер жасап келеді. ҚР Президентінің кәсіпкерлікке кедергі жасамау керек деп мараторий жариялағанын ескермей, Президенттің жарлығын назарларына да алмай, тексерулерін тоқтатпай жатыр. 1 жылдан бері кәсіпкерлікті тоқтатуға мәжбүрлеп отыр. Сіздерден осы мәселеге назар аударуларыңызды, кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуларыңызды сұраймын. Адам құқықтарын қорғау ЖШС Директоры Е. Искандаров тел 87053542113
Файлдар:
- Искандаров Ершат
- Құқық қорғау органдары
- 13.05.2020
- 191
- Өтініш нөмірі 615819
Сәрпеков Р.Қ. 19.05.2020, 03:30
Құрметті Ершат Искандаров! Сіздің өтінішіңізді қарап, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» қолданыстағы жарғысына сәйкес үшінші тұлғаларға түсініктеме бермейді. Осы мәселе бойынша, Сізге Түркістан қалалық прокуратурасына немесе Түркістан облыстық прокуратурсына жүгінуіңізді ұсынамыз. Бас прокуратураның негізгі міндеттері: заңда белгіленген шекте: адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді; заң бұзушылықты, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтауды және жоюды; құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді; заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады (2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 4-бабы). «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес бұл жауап сипаттамалық болып табылатынына назарыңызды аударамыз. Р. Сәрпеков