- Блогтар
- Боранбаев Ә.К.
- Өтініш
Боранбаев Ә.К.
«Қазгеология» ҰГБК» АҚ Басқарма төрағасы
Сәлеметсіздерме Қазақстан республекасының беделді азаматтары. Сіздерден жан айқаймен көмек сұрағалы тұрмын. Мен 1951жыл Оңтүстіктің тумасы К.Д.Абдувалиева. Еңбек сіңірген зейнеткер, әрі екінші топ мүгедегі мұқтаждықтан көмек сұраймын. 2000жылы отағамнан айырылғансоң, мүгедек болып қалдым. Қолымда 1978жылғы туа біте мүгедек қызым болушы еді. Қызым кемдігіне қарамай тұрмыс құрып 2008жылы бір қыз бала өмірге акелген болатын, қызым Ж.Е.Шардарбекова денсаулығы тіпті нашарлағансоң ем іздеп 2008 жылы кеуімнен қалған жалғыз баспанамызды банкке кепілге тігіп Өзбекістан клиникасында ем алу үшін несие алған еді, сол несиені бір жыл шамасында төлеп, одан кейін ден саулығына байланысты төлей алмай қалған болатыні. 2018 жылы қызым ұзақ аурудан соң өмірден өтті. Артынан бір қызы бар, ол қызыда тума ауру мүгедек болып туылған, мүгедектіктің кесірінен немеремнің әкесе баласынан бас тартып, тастап кеткен. Кәзіргі таңда немерем менің қолымда мен қамқоршысымын (опекун). Менің алатын зейнет ақым және мүгедектік төлем қаражат өз дәріміз және емделуден артылмай тұр. Банк қызметкерлері несиені төлеңіз, болмаса үйді сатамыз деп, күнделікті он сызда ауру басымызды мазалап үрей туғызып тұр. Бұл жалғыз баспанамыздан айырылсақ ары қарай қалай өмір түсіретініміз, қыйыншылық туғызып тұр. Сіздерден банк алдындағы несиені жабуға қандайда бір көмек қол ұшын берулеріңізді сұранамын. Менің өтінішімен би-жай қарамайды деп сенімдімін, және өтінішімді басқа мекемелерге аударып жібермеулеріңізді өтінемін
- Абдуалиева Кулимкиз
- Ерікті тақырыбы
- 29.05.2020
- 283
- Өтініш нөмірі 619941
Боранбаев Ә.К. 30.07.2020, 02:43
Құрметті Кулимкиз Абдуалиева! «Қазгеология» ұлттық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Сізге деген өз құрметі мен алғысын білдіреді. Сіз жолдаған 2020 жылғы 29 мамырдағы өтінішіңізбен таныса отырып, Сізге келесіні хабарлаймыз. Бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясының қауіпіне байланысты, Қоғаммен өз қызметкерлерін қауіпсіздік заттарымен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Біріншіден, барлық қызметкерлер жеке гигиена ережелерін сақтау жағдайын жасау мақсатында қауіпсіздік тауарлары сатып алынды (бетперделер, антисептиктер). COVID-19-ға шалдыққан қызметкерлердің емделу уақытында оларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін, емделу жағдайын жасау үшін медициналық сақтандыру жағдайы ұйымдастырылды. Санымен қатар, Қоғам қызметкерлері арасында COVID-19-дың алдын алу мақсатында, ауруға шалдығу белгілері болған жағдайда қызметкерлердің тексеру тестілерін тапсыру бойынша іс-шаралар Қоғамның қаражаты есебінен жүргізіледі. Осыған қоса, алыс-шалғай жерлерде, геологиялық іздестіру алаңдарында жұмыс жасайтын Қоғам қызметкерлерінің COVID-19 ауруына шалдыққаны жағдайында жедел эвакуациялау бойынша «Қазавиақұтқару» АҚ келісім орнатылды. ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ауруға шалдыққан қызметкерлерді жылдам жеткізу мәселесі талқылануда. Осы жылдан бастап біздің Қоғам мемлекеттік органдардың келісімімен «Жас геолог» корпоротивті қорына демеулік көмек көрсетеді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде қазіргі уақытта, өкінішке орай, сізге материалдық көмек көрсету мімкіндігі болмай тұр.