- Блогтар
- Есин Д. Н.
- Өтініш
Сәлеметсіздерме Қазақстан республекасының беделді азаматтары. Сіздерден жан айқаймен көмек сұрағалы тұрмын. Мен 1951жыл Оңтүстіктің тумасы К.Д.Абдувалиева. Еңбек сіңірген зейнеткер, әрі екінші топ мүгедегі мұқтаждықтан көмек сұраймын. 2000жылы отағамнан айырылғансоң, мүгедек болып қалдым. Қолымда 1978жылғы туа біте мүгедек қызым болушы еді. Қызым кемдігіне қарамай тұрмыс құрып 2008жылы бір қыз бала өмірге акелген болатын, қызым Ж.Е.Шардарбекова денсаулығы тіпті нашарлағансоң ем іздеп 2008 жылы кеуімнен қалған жалғыз баспанамызды банкке кепілге тігіп Өзбекістан клиникасында ем алу үшін несие алған еді, сол несиені бір жыл шамасында төлеп, одан кейін ден саулығына байланысты төлей алмай қалған болатыні. 2018 жылы қызым ұзақ аурудан соң өмірден өтті. Артынан бір қызы бар, ол қызыда тума ауру мүгедек болып туылған, мүгедектіктің кесірінен немеремнің әкесе баласынан бас тартып, тастап кеткен. Кәзіргі таңда немерем менің қолымда мен қамқоршысымын (опекун). Менің алатын зейнет ақым және мүгедектік төлем қаражат өз дәріміз және емделуден артылмай тұр. Банк қызметкерлері несиені төлеңіз, болмаса үйді сатамыз деп, күнделікті он сызда ауру басымызды мазалап үрей туғызып тұр. Бұл жалғыз баспанамыздан айырылсақ ары қарай қалай өмір түсіретініміз, қыйыншылық туғызып тұр. Сіздерден банк алдындағы несиені жабуға қандайда бір көмек қол ұшын берулеріңізді сұранамын. Менің өтінішімен би-жай қарамайды деп сенімдімін, және өтінішімді басқа мекемелерге аударып жібермеулеріңізді өтінемін
- Абдуалиева Кулимкиз
- Ерікті тақырыбы
- 29.05.2020
- 118
- Өтініш нөмірі 619942
Ойшыбаев К.Б. 11.06.2020, 05:09
Құрметті Абдуалиева Кулимкиз! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» № 225 қаулысына сәйкес КеАҚ қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын ілгерілету стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету, бағдарламаны іс жүзіне асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингі мен талдауы, азаматтық қоғамдағы процестерді болжау, ғылыми зерттеулер жүргізу және мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.
Осыған байланысты, бұл мәселені шешу біздің құзыретімізге кірмейтінін хабарлауға мәжбүрмін. Сізге қалаңыздағы қайырымдылық қорларына жүгінуіңізді ұсынамыз.
Сонымен қатар, Институт ҚР Ұлттық банкіне Сіздің мәселеңіздің шешілуіне көмек көрсету үшін өтінім жолдап жүгінеді.
Сізге жанашырлық танытамыз, мәселеңіздің тезірек шешілетініне үміттенеміз. Денсаулық және амандық тілейміз!