- Блогтар
- Уандыков Б.К.
- Өтініш
Уандыков Б.К.
«Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры
Сәлеметсіздерме Қазақстан республекасының беделді азаматтары. Сіздерден жан айқаймен көмек сұрағалы тұрмын. Мен 1951жыл Оңтүстіктің тумасы К.Д.Абдувалиева. Еңбек сіңірген зейнеткер, әрі екінші топ мүгедегі мұқтаждықтан көмек сұраймын. 2000жылы отағамнан айырылғансоң, мүгедек болып қалдым. Қолымда 1978жылғы туа біте мүгедек қызым болушы еді. Қызым кемдігіне қарамай тұрмыс құрып 2008жылы бір қыз бала өмірге акелген болатын, қызым Ж.Е.Шардарбекова денсаулығы тіпті нашарлағансоң ем іздеп 2008 жылы кеуімнен қалған жалғыз баспанамызды банкке кепілге тігіп Өзбекістан клиникасында ем алу үшін несие алған еді, сол несиені бір жыл шамасында төлеп, одан кейін ден саулығына байланысты төлей алмай қалған болатыні. 2018 жылы қызым ұзақ аурудан соң өмірден өтті. Артынан бір қызы бар, ол қызыда тума ауру мүгедек болып туылған, мүгедектіктің кесірінен немеремнің әкесе баласынан бас тартып, тастап кеткен. Кәзіргі таңда немерем менің қолымда мен қамқоршысымын (опекун). Менің алатын зейнет ақым және мүгедектік төлем қаражат өз дәріміз және емделуден артылмай тұр. Банк қызметкерлері несиені төлеңіз, болмаса үйді сатамыз деп, күнделікті он сызда ауру басымызды мазалап үрей туғызып тұр. Бұл жалғыз баспанамыздан айырылсақ ары қарай қалай өмір түсіретініміз, қыйыншылық туғызып тұр. Сіздерден банк алдындағы несиені жабуға қандайда бір көмек қол ұшын берулеріңізді сұранамын. Менің өтінішімен би-жай қарамайды деп сенімдімін, және өтінішімді басқа мекемелерге аударып жібермеулеріңізді өтінемін
- Абдуалиева Кулимкиз
- Ерікті тақырыбы
- 29.05.2020
- 236
- Өтініш нөмірі 619955
Уандыков Б.К. 02.06.2020, 02:36
Құрметті Кулимкиз Абдуалиева! Сіздің қаржылық көмек көрсету туралы өтінішіңізді қараcтырып, төмендегіні хабарлаймыз. «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) Жарғыға сәйкес кемелерде қауіпсіз жүзуді қамтамасыз етуді, ішкі су жолдарын, навигациялық жүйелер мен қызмет көрсету шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін, гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) дұрыс ұстау және дамыту бойынша өндірістік жұмыстарды атқарады. Кәсіпорынды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлінген бюджет қаражаты өндірістік жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталғандықтан, кәсіпорын өз қаражатын есебінен Сізге қаржылай көмек көрсете алмайды.