- Блогтар
- Балаева А. Ғ.
- Өтініш
1-ші данасы: ҚР президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа. 2-ші данасы: ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Н.Ә. Назарбаевқа. 3 –ші данасы: ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж.Қ. Асановқа. 4-ші данасы: ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Е.Ж. Қошановқа. 5-ші данасы: ҚР Бас Прокуроры Ғ.Д. Нұрдәулетовке. 6-ші данасы: ҚР Ішкі Істер Министрі Е.З. Тұрғымбаевқа. 7-шы данасы: ҚР Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы: К.Қ. Мәсімовке., 8-ші данасы: ҚР Ақпараттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы Ә.Қ. Уызбаевқа. 9-шы данасы: Алматы Облысының Әкімі А.Ғ. Баталовқа. 10-шы данасы:Алматы Облысының Прокуроры А.С. Жылқыбаевқа. 11-ші данасы: ҚР Алматы Обл бойынша ҰҚКД басшысы С.Т. Курманалиевке. 12-ші данасы: Алматы Обл Полиция Департаментінің Бастығы С.М. Кудебаевқа. 13-ші данасы: Балалар құқықтарын қорғау комитеті төраға м.а. Д. Жекебаев Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы ! Құрметті Халқымыздың жарқын болашағы үшін, Ел басқарушы Азаматтар! Біз,Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты, «Жомарт» Тұтыну Кооперативінде (саяжай) тұрамыз. Толық оқылады деген, зор үмітпен жазудамын! Осыдан екі жыл бұрын, елді мекенімізге, Жан Шыңғыс деген біреу келіп, түнделетіп жиналыс жасап, «Жомарт»-қа ауыл статусын екі айда алып беремін, үйлерге табиғи газды пешімен (150000) жүз елу мың теңгеге кіргізіп беремін, барлығыңды өз қамқорлығымызға аламыз, тегін заңгерлік қызмет түрлерін көрсетеміз, кез – келген құжаттарыңызды рәсімдеуге көмек береміз, басшымыз Сырым Абдрахманов басшылығымен құрылып жатқан «Алаш» партиясының алматы – алматы облысы бойынша уәкілімін деп, өзін таныстырған ол, қасындағы бейтаныс адамдармен бірге, шұғыл іске кірісіп бақты. Агитациялық жұмыстың мықтылығы ма әлде (басқадай қаржылық қызықтырушылық) болды ма, ол жағын білмедік... Әр кім өз тіршілігімен тыныш өмір сүріп жатқан жұрттан белсенділер бөлініп шығып, үйдегісі - баласын, базаршысы - саудасын, шаштаразы - қайшысын тастап, үй үйді аралап, тұрғындардың аты-жөндерін, ИИН- дерін жазып, қол жинап, келіспегендермен ұрсысып, 30-жылда «НұрОтан»-нан не жақсылық көрдің, болашағыңды ойламаған ақымақсыңдар, шіріген алма жеміс бермейді, НұрОтан да тозды, шалдары да алжыды деген сөздермен, мәжбүрлей, мүлдем келіспегендеріне саяжайымызға ауыл статусын алу үшін деп, қол қойдырып, хх-ғасырда құрылып, А. Бөкейханов төрағалық еткен, киелі «Алаш»-тың атын жамылып, көше кезіп кетті. Жан Чингизов, бұл партияда мүшелік тегін, «НұрОтан» партиясындағындай мүшелік жарна төлемейсіздер, қаржыландыру мемлекет пен басқа спонсорлардан жасалынады деген сияқты, жалған, дауыстық хабарлама жіберіп отырды да, жандайшаптары сол тәсілмен Халықты алдау арқылы, кәмелетке толғандардың рас – өтірігін қоса қолдарын қойдырып, билікке қарсы пиғылды оппозициялық бағдар мен қол жинады. Тіпті, хх - ғасырдағы революционерлер сияқты, белсенділердің үйлеріне жиналып,қақпасын жауып алып, итін жіберіп,(әкімшілік, ішкі саясат қызметкерлері барғанда, кіре алмады) жиындарды жиі өткізілгені аздай,әлі де, оларды Алматы қаласына жинап, дайындық сабақтары өткізіліп отырады, оған қоса вацапта жеке топтарымен ақылдасып отырады. Сол сабақтардан соң, санаулы әйелдер екілене кірісті жұмысқа. Нәтижесінде, Өзбекстанда тұрғандарында, сол елдің президенті Рашидовтың фамилиясын атауға батпайтын әйелдер, саясатқа араласып, Елбасымыз Н. Назарбаевтың кейін Қ.Тоқаевтың жағасына жармасып, билікке қарсы оппозиция қатарынан шыға келгені мен қоймай,Ж.Шыңғыстың бастауымен, бейкүнә періште кішкентай балаларға дейін арам ойларына араластырып (фотосуреттері бар), пайдаланып, жандайшаптары түрлерін өзгертіп, очки тағып, қолдарына ( Саяжай Халқы құл емес! Құлдыққа жол жоқ! Халықты қанаған жемқор әкімдер кетсін! Халық - құл емес! ) деген жазуларды ұстап суретке түсіп, ақпарат желілеріне салуда.Бірден белсенді бола қалып, әшейінде шақыртып келтіре алмайтын сайлау учаскелеріне, бақылаушы болып кетті. Күні бүгінге дейін, Ж.Шыңғыстың әлеуметтік желілерді пайдаланып, Халықтың билікке деген, құрметін, сенімін жою үшін( НұрОтанды шіріген ағашқа теңеп), биліктің Халық алдында абыройын жоққа шығармақ ниетпен( үкімет тарасын, министрлерді кетсін, облыс әкімі кетсін, әкімдерді Халық сайлау керек, Әкімдер Халықты құл жасайды ал, депутаттар жерге таптайды, Я за отставку правительства) деген жаттанды анти Үкіметтік сөздермен, кез келген кемшіліктерді ілу қылып, от салуда. Ж.Шыңғыстың , ақпараттық желілерді пайдалана отырып, Үкіметке қарсы нигативті ұсыныстар мен талаптарды, ұрандарды салып отыр. Ал, үйретілген жандайшаптары репост, комментарии жазумен, жариялылықты көбейтеді. Ж.Шыңғыстың, Президенттік сайлаудан бері, Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың абыройын жоққа шығарып, Халыққа оның Президент екенін мойындамауға шақырып, Президеттің суретін салып та жазып, (Жағымпаз болсаң, Тоқаевқа дауыс бер. Нечестные выборы. Нелегитимный Президент. В знак протеста против нечестных выборов и нелигитимного Президента мы призываем всех граждан страны вывешивать из окон и балконов баннеры, платки любого цвета и формы. Оян! Ей Қазақтар қане оян тұрыңдар! Тамырыңа балта шаппай тұрғанда,бар күшіңді бірігуге бұрыңдар!) сынды, арандатушылық мазмұнды, ұрандарды таратып, Халықты қарсы қою арқылы, қасақана Үкіметпен Халықтың арасын алшақтатуда.( Бейбіт өмір сүріп жатқан Қазақты оятып, кімге қарсы айдап салмақшы? Қазақтың тамырына кім балта шаппақ??? Қазақты кімге қарсы біріктірмекші??? ) Ал, Халық пен Үкімет арасы ашылса, сынған кеседей, қайтып қалпына келмейтіні - аксиома. Осындай үгіттеуден соң, егер, көзім көрмесе мен де сенерме едім, сайлау комиссиясының мүшесі болдым, сырттан бақылаушы да қатысты. Сайлауға қатысушылардың көпшілігі Қасым Жомарт Кемелұлына дауыс бергенін, бюллетень санағанда,Ж.Шыңғыстың жіберген бақылаушысы, Ержанова Перизат қасымызда, қалт жібермей қарап тұрды. Ж.Шыңғыстың осындай, Халықты көпшіліктің көз алдында, арандата отырып, ешқандай жауапкершілікке тартылмай, жиналыстарға келіп микрофонға таласып,қасындағы әйелдерге ымдаса болды, бажылдап, сөзге төркін бермей, сахнаға шығып, жиналыстың берекесін қашырып, әкімшілік қызметкерлерінің берілген сұрақтарға Заң аясында берген жауаптарын, бұрмалай отырып, вацап арқылы тұрғындарға, көздерін құрту керек деп, жергілікті билікке қарсы айдап салу әркеттеріне куә болып, оның бірді-бірге соғып жүргенін көріп жүрген және бұрын ондай билікке қарсы шығып көрмеген, тұрғындар арасында, Үкіметке деген антипатиялық ұғым – пікірлер туындап, көпшілік жиналған жерде, Президенті (самозванец) алаяқ болған, өзін өзі сайлаған Ел, қайдан оңсын, балық басынан шіриді деген, сөздер жиі айтылуда. Өсер Елдің ұлдары, бірін бірі батыр дейді, өшер елдің ұлдары бірін бірі қатын дейді деген... Халық болып сайлаған, Ел тізгінін сеніп тапсырған Президентімізді, Ата заңды белден бастыра, өзінің кім екені белгісіз, ауызым бар деп, танти бергенге, тал түсте қорлауға, қаралауға жол берсек, Заңымыз қауқарсыз, болашағымыз күмәнді болғаны да? Президентін қорғай алмайтын, Мемлекет тарапынан «әй» дейтін тірі пенде болмағасын, Үкіметті тарасын, Министрлерді кетсін, Облыс әкімін кетсін деп, айқайлауды әдет қылып алған Жан Шыңғыс, «Жомарт Халқы» тобында, вацапта отырып алып, заң аясында жұмыс жасап, аудан, округ әкімшілік қызметкерлерін, Халықтың алдында беделдерін төмендете, оларды өзі тауып, өзі сайлаған адамдай, ( көздерін құрту керек) деп, адам санаудан қалғалы қашан. Елді мекендерде, аналар,мүгедектер, ауыл жаңалығы, ауыл жарнамасы сияқты вацапта топтар құрылып, Ел басы, Президент, НұрОтан, әкімшілік - елдің ермегіне айналуда. Сондағы күнделікті күйбеңнен басқа айтылары, жәрдем ақы ала қоймағандар үшін, әкімшілік оңбаған, Үкімет алдаушы, деген наразылық нышандары. Ал, Ж.Шыңғыс болса, соларға жел беріп отырушы. Партия деп, саясатқа араласып, Халыққа, жанашыр көрініп жүрген ол, Ата заңды өзі жазғандай болып, әкімшіліктің жұмыстарын жоққа шығарып, жиналып барыңдар,шулаңдар, теледидар, Азаттық каналын шақырыңдар деп, жөн сілтеп отырады. «Алаш» деп, аласұрып, арыны басылғасын ДВК – ны жағалап, одан туы жығылғасын бүгінде ол, Халықтан жоғары – Халық деген қозғалыс туды деп жария жасап жүр. Өзін қоғам қайаткерімін,заңгермін деп, қасындағыларды белсенділер дейді. Қазіргі таңда, басқа барар жері қалмағасын, «Жомарт» саяжайының вацап тобының жұлдызы болып отыр. Айналасындағы әйелдер мен (админ группы) болып алған, қарсы сөз айтқан адамды, көкбеттікке салып, жан жағынан талауға алып, группадан шығарып тастайды. Беті қайтқан тұрғындар, соларды қойшы деп, іштен тынады. Сол, Ж.Шыңғыстың шашбауын көтеріп, өздерін «ұйым» атап жүрген әйелдердің беттері әбден ашылған, оларға ақыл айтар, сөзі өтер адам жоқ. Бойдағы беттен, күйеуі бары төстен қағады. Кілең, ақсақалды сыйлаудан, қүйеулерін тыңдаудан қалғандар. Қооперативтің ішкі шаруасына, араласға қақы жоқ, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, сырттан келіп іріткі салушы Ж.Шыңғыс болса, мен облыс әкіміне айттым, шешіп қойдым, жолдарыңды жасамаңдар, мен жасатамын, ауылдық статус алып беремін,жергілікті билік бермей отыр, мені қолдаңдар, бірігіп жергілікті әкімдікке қарсы тұруымыз керек, біздің күшіміз-бірлігімізде деген, Халықты билікке қарсы қайраумен, абсурдты уәдесімен, жұртты екі жақты қылуда. Тіпті, бір үйдің тұрғындары да, Ж.Шыңғыстың( Халықты уландыруынан соң), екі жаққа бөлініп, саяси көзқарастарының қайшылығынан, дауласып, бірге отырып ас ішуден қалған кездер болады. Ащыбұлақ ауылдық округінде 48 саяжай бар. Солардың барлығы да о баста, болашақта ауыл болады деп ескерілмеген. Мектеп, аурухана, т.б. тұрғындардың күнделікті өмірін қамтамасыз ететін инфроструктура қарастырылмаған, ине шанышар бос жер жоқ.Ал, Жан Шыңғыстың қуыршақтары, Қазақстан бойынша саяжайлар жойылсын деп, репост жасайды. Мемлекет олардың барлығын бірдей, талапқа сай қамти алама, ол жағы, олардың түстеріне кірген емес.. Тағы бір сорақылығы, елді мекеніміздің проблемасын талқылау барысында, бір тұрғын айтып қалды, Жан Шыңғысқа қарсы, өз пікірімді айтып едім, өзімнің «Албан»-дарым( руы Албан), жеке, личкама шығып, сен не жасап отырсың, албандар бас қосып бірігіп жатқанда деп, жер жебіріме жетті. Өте ыңғайсыз жағдай, дұрыс емес, болды ау мыналары, дегенді естігенде,дереу қолға қалам алуға, Сіздерді хабардар етуге, еріксіз мәжбүр болдым. Бір шіріген жұмыртқаның кесірінен жүзге, руға, бөлінетін болсақ, Қордай этникалық кикілжіңі жолда қалады. Бөлінгенді бөрі жейді деген, олардың бұл қылықтары, болашақ ұрпақтарымыз алдында, үлкен қылмыс. Сырттан көз тіккендердің, желі оңынан тұрады, Қазақты қарғыс атады деген сөз. Менің осы жоғарыда көрсетілген фактілерді бетке ала отырып, Сіздерден сұрарым: 1. Қауіпсіздік Комитеті,Бас прокуратура, Ішкі Істер Министрлігі тарапынан, Жан. Шыңғыстың, ақпарат құралдарын пайдалана отырып, НұрОтан партиясы мен Ел басқарған Азаматтардың, Халқымыздың игілігі үшін жасаған, ерен еңбектерін жоққа шығарып, Үкімет пен Халық арасына жік салып, арандатушылық жасап отырғанына Заң алдында неге шара қолданбайды? 2. Неге Қауіпсіздік Комитеті,Бас прокуратура, Ішкі Істер Министрлігі, жұмыс жасамайтын Жан Шыңғыстың немен күн көріп жатқанын, кіріс көзін, кімге, қалай жалданып істеп жатқанын анықтамайды? 3. Неге, Қауіпсіздік Комитеті, Бас прокуратура, Ішкі Істер Министрлігі, Ж. Шыңғыстың Мемлекетімізге қауіптілік деңгейін анықтамайды? Ол, кеше - бүгін кім? Мемлекеттен, оған ешқандай шектеу болмағасын, нанын оппозициядан, Ел ішіне іріткі салумен тауып жүрген арандатушы ма әлде, шет елге қызмет етуші коллаборант па? 4. Президенттің абыройына дақ келтіріп, Халыққа оны, мойындамауға шақырып жүре берсе, саяси ахуалы қиындап тұрған, Еліміздің ертеңі не болмақ? Ақпарат құралдарын бақылаушы орган қайда қарайды? Ел Президентін, тікелей масқаралау – қай демократияға саяды? Шет елді қойып, осыны оқып, оған сеніп жүрген қызу қанды жастарымыз, албырт азаматтарымыз, Президентімізді сыйлай ма? Әлде, осыны әлеуметтік желіден көрген құзырлы органдар үндемесе, расымен солай болғаны ма? Біз білмейтін құпия, сыр барма еді? 5. Қылмыстың ең сорақысы, Жан Шыңғыс, Президентіміздің Конституциялық құқығына қол сұғып (не честные выборы, нелигитимный президент) деп, оның арына нұқсан, абыройына дақ келтіруде. Бүкіл Әлемнің көзінше, Президентімізді «заңсыз» деп кінәләп отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайында – Президент Мемлекеттік биліктің кепілі делінген. Демек, Ж.Шыңғыс,билікті мойындамайды, Халықты билікке қарсы шығуға шақырады... Президенттің құқығын, кім қорғайды??? Заң қайда??? Президентін қорғай алмаған билік, Ел,Заң, жәй азаматын жарылқамайды. Осыны бақылаушы, қорғаушы, қадағалаушы, құзырлы органдар қайда??? Президентсіз Ел – шопансыз отармен тең екенін білмейме? Жауапты кім??? Президенттің құқығы қорғаусыз, оның өзін, қаралап, ол сайлаған әкімдерді ілік тауып Халықтың талауына салуда. Мұндайда, Президент Халқының жағдайын ойлап, еліне қорған бола ма??? Баяғы сол сұрақ – неге??? Неге қылмыстық іс қозғалмайды, неге жауапқа тартылмайды??? 6. Ж.Шыңыс, қасындағы жандайшаптары мен сөз байласа отырып, арам ойларының жүзеге асыру амалымен, кәмелетке толмаған, кішкентай балаларды лас саясаттарына араластырып, ересегі ұялып назарын төмен салуда, кішкенесі тік қарап тұр, (фотосуреттері бар), қолдарына ( Саяжай Халқы құл емес! Құлдыққа жол жоқ! Халықты қанаған жемқор әкімдер кетсін! Халық - құл емес! ) деген жазуларды ұстатып, суретке түсіріп, фотосуреттері ақпарат желілеріне салынған балалар, кімнің құлдығында жүр??? Оларға өз баласын, прокатқа кім беріп жүр? Және сол, кәмелетке толмаған, кішкентай бөбектерді , өз мақсаттарында пайдаланып, кішкентай құлдар ретінде, ақпарат желісіне салғаны үшін, олардың құқығын кім қорғайды??? Әлде, біздің Елдің заңында, жас балаларды кез келген жерде пайдалана береме??? Дүниенің есігін жаңа ашқан балалар, неге өздерін құлдықтамын деп, шартарапқа паш етуі керек? Әшейінде, балалар біздің болашағымыз деп, ұлағатты сөзбен көңіл босатып, көзге жас үйірілтер, жанашыр, қүзырлы органдар, осындайда неге араласпайды? Қайда қарап отыр??? Көз алдында тұрған қылмысты байқағылары келмейме, әлде, біреудің баласы дейме??? Қылмыстық іс, неге қозғалмайды, басқаларға сабақ болар дай, балаларды ойыншық қылмасқа? 7. Ж. Шыңғыс, жандайшаптары мен сөз байласа отырып, олардың, түрлерін өзгертіп, очки тағып, қолдарына ( Саяжай Халқы құл емес! Құлдыққа жол жоқ! Халықты қанаған жемқор әкімдер кетсін! Халық - құл емес) деген жазуларды ұстап, суретке түсіп, фотосуреттерін ақпарат желілеріне салғандар, неге алаңсыз тайраңдауда??? Елімізде, азаматтардың Конституциялық құқықтары бұзылмағандығын, ешқандай құлдықта жүрмегендіктері дәлелі ретінде, Үкіметке жала жауып, жалған ақпарат таратқаны үшін, неге жауапқа тартылмайды? Олардың салған фотосуреттері Елімізді, Әлемнің алдында, құл иеленуші Ел ретінде көрсетті. Осы факт бойынша, неге қылмыстық іс қозғалмайды? Өзгелерге неге сабақ болмайды? Бұған жауапты органдардың қажеті не, қарап жатып, айлық алса? Әлде, жүйе расымен шіруге айналды ма? Немесе, Еліміздің қылмыстық кодексі толық жетілдірілмеген бе, ондайларды жауапкершілікке тарту бабы қаралмаған ба? Ашығын, сөз төркінін айталық, жамандағаным емес, артық айтсам кешіріңіздер! Бірақ, Сіздер де көріп отырсыздар. Елімізде болып жатқан саяси келеңсіздіктердің барлығы, осындайларды бақылап, ауыздықтайтын құзырлы органдардың шешімге келе алмайтындығы, кадрларының қауқарсыздығы, сауатсыз дайындығы мен сапасыз жұмысының жемісі, алдын – алу, болжау жұмыстарының мүлдем жоқтығы, «НұрОтандағы» жас буынның, барып кел – алып келден арыға, жарамай жатқандығының дәлелі, эстафетаны қабылдап алар звеноның осалдығы болып табылатынын айтудың қажеті жоқ екенін, және олардың, өздерін ақтау үшін, барлығын демократияға итере салатыны – биліктің әлсіздігінің әшкересі болып табылады... Егер, Ж.Шыңғыс, Президентке күйе жағып, қорлап, Елге масқаралап отырып, жауапқа тартылмаса, Президенттің ары, құқығы қорғалмаса, расында солай екен деп, Ж.Шыңғыс сияқтылардың соңынан ерушілер мен Президентті мойындамаушылар және қарсы пікірдегілер сағат сайын көбейеді. Ел билігі әлсірейді, онсыз да санаулы патриоттар кеміп, мемлекеттік қызметтегілердің өздері де, билік ауысқанша, тек қызмет пен айлық үшін жүре беретін болады... Отанға қызмет жасап, оның ертеңі үшін істеген істердің, алға басуы жайлы ойлаудың, қажеті жоқ болады. Бұл дәлелді қажет етпейтін – аксиома. Бұрын, биліктен үміткер оппозицияның көбін, алғашқы Президентіміздің мысы басатын, ендігіде, заң мен шара күшеймесе, саясатымыздың тұрақтылығына кім кепіл??? Кеңес Одағындағы тарағаннан бері, бұрынғыдай идеологиялық даярлау жүйесі жоқтың қасы. Осы кезден, ертеңді ойлап, алдын ала отырып, кадр мен заң күшейтілмесе, ақша мен қызметтің құдіретінің арқасында, армия көрмеген, сенбілікке қатысып, көше сыпырып, ағаш егіп көрмеген, европа мен америка да білім алдым деп, түнгі клубын тоздырғандар, күні ертең, заманы келіп, билікке отырғанда, санаулы Жұрт, құмға сіңген судай болып, саны көп елдің тіліне сіңіп, ұлың – ұлмен, қызың - қызбен қол ұстасып некелессе, Еліміз үшін жанын пида еткен Бабаларымыздың қарғысына ұшыраймыз... Ж.Шыңғыстың ақпарат желісінде, билікке қарсы әр «ұран» салуының нәтижесінде, Елімізде күн санап, Үкіметке деген наразылық арта түсуде. Оның жаттанды, әдемі, сөзіне еретін, саясаттан хабары жоқ жастар, сөзге ергіш алаңғасар азаматтар, үйде отырып іші пысқан әйелдер, осыны көріп өсіп жатқан балалар, репост жасап, отырыста талқылау мен айналасындағыларды да Үкіметке қарсы үгіттеуде. Ол дегеніңіз, болашақта, көтеріліс немесе төңкеріске бірігетін адам санын күшеюіне, әдейі, жол беру деген сөз. Қазыр, ашық қарсылық танытпаса, ( өртенген бес бала, Жаңаөзен, Арыс трагедиясы) сияқты, кез келген дүмпу себепкер болғанда, іштен тынып, ширығып жүрген көпшілік дес бермейді, тыңдаудан қалады. (дәлелі- Қырғызстан ). Ж.Шыңғыстай, қос үйді – қоса қондырмайтындардың алдын алмаса, Ел тыныштығын сақтап қалу мүмкін емес. Кеңес үкіметі тарағаннан бері, Еліміздің жарқын болашағы үшін , қаншама игілікті бағдарламалар жасалып, жұмыстар атқарылып жатыр, оның барлығын жоққа шығарып, (жалғыз құмалақ пен бір қарын майдың керін келтіріп) Халықтың обалына қалу – Құдай алдында күнә. Халқымыздың ертеңін ойласаңыздар, ақпарат құралдарын пайдаланып, Президентімізді қаралап, абыройына дақ келтіргені үшін, Ж.Шыңғыс және, оның шашбауын көтеріп, оның, анти Үкіметтік ниетін елге таратысып, билікке қарсы шығып, басқаларды да итермелеу әрекеттері үшін, жазуларына репост жасап, комментарии жазып жүрген, құлдықта жүргендей, қолдарына, «құлдыққа жол жоқ» деген жазуларды ұстап алып, түрлерін өзгертіп, суретке түсіп, фотосуреттерін, Әлемдік ақпарат желісіне салып, таратып жүргендерді, жалған ақтарат беріп, Жер шары тұрғындарының алдында, Қазақстан Республикасын, қаралап, құл иеленуші етіп көрсеткендері үшін және лас саясаттарына кәмелетке толмаған нәрестелерді араластырғаны үшін, олардың барлығын, Заң алдында, қатаң жауапқа тартылуын, қамтамасыз етулеріңізді, ҚР азаматы ретінде талап етемін. Бұл, менің өз ұрпағыма қалдырар, тарихи, жан айқай мен жазған, арыз – талабымның, нәтижесі, Еліміздің болашағына көп себін тигізуі мүмкін, болмаса, немқұрайдылық пен қарағандардың салдарынан, «болашақта» көпшіліктің обалына қалу, барысының айғағы іспетті деп білемін. Халқымыз тыныш, Еліміз аман болсын! Сіздерді ахуалдан хабардар етіп, талап – арыз етуші: Халқының болашағына алаңдаушы, алты мыңға жуық тұрғыны бар «Жомарт» Тұтыну Кооперативінің төрағасы: Смаилов Абдрахман Чаякенович. Байланыс тел: +77077210606
Файлдар:
Screenshot_2019-04-12-21-24-32-018_com.whatsapp.png
Screenshot_2019-04-16-14-24-00-197_com.facebook.katana.png
Screenshot_2019-04-26-21-32-39-736_com.facebook.katana.png
Screenshot_2019-04-26-21-33-10-336_com.facebook.katana.png
Screenshot_2019-04-26-21-35-13-362_com.facebook.katana.png
Screenshot_2019-06-21-19-04-55-458_com.facebook.katana.png
Screenshot_2020-04-13-07-13-40-726_com.whatsapp.jpg
- Смаилов Абдрахман
- Құқық қорғау органдары
- 01.06.2020
- 216
- Өтініш нөмірі 620704
Балаева А. Ғ. 15.06.2020, 09:58
Құрметті Абдрахман Смаилов! Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің өтінішіңізді қарастырып, өз құзреті шегінде келесі ақпаратты хабарлайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде интернет-ресурстардың қызметін тоқтата тұру және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары» және «Байланыс туралы» Заңдарында айқындалады. Интернет-ресурстарға қол жетімділікті шектеу шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу белгілері бар материалдар анықталған жағдайда ғана қабылданады. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына сәйкес«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы»(ҚР ӘМ 2019 жылы 2 мамырда № 18617 болып тіркелген)ақпарат кеңістігінде тәулік бойғыпорнографиялық материалдарды таратуға тыйым салуда қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы қадағаланады. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы бұзушылықтары бар материалдар анықталған кезде Комитет байланыс операторларына «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1 бабында көзделген тәртіппен оларға қол жеткізуді шектеу туралы ұйғарым шығарады. Осырған орай, Министрлік өтінішіңіздегі ақпараттарға («Whatsapp» мессенджері мен интернет – ресурстардағы орналастырылған материалдарға) талдау жүргізіп, нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталмағандығын хабарлаймыз. Егер жауап қанағаттандырмаса, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 тармағына сәйкес сіздің шағым жасауға құқығыңыз бар.