• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мусабаев Т.Т.
  • Өтініш
Мусабаев Т.Т.

Мемқалақұрылыскадастры РМК-нің бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Мен сұрайын дегенім келесі сұрақтар: Осу су шаруашылығы құрылысы бойынша объектілерді мердігермен құрылыс салу кезінде жүргізілген құрылыс обьектісінің толық орындалу мерзімі аяқталған соң тапсырыс беруші Су шаруашылығы мердігерден обьектінің қабылдап алу туралы хабарламасынан кейін тыпсырыс берушімен (Су шаруашылығы) қабылдауға кіріскен кезде барлық құрылысы нысандарының тапсырыс берушінің бас жобалық сметалық құжаттамасына, техникалық және авторлық қадағалауды тұлғалардан сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс монтаж жұмыстарының сапасы және орындалатын жұмыстар мен инженерлік және нормативтік техникалық шарттардың жобаға сәйкестігін тексерілгеннен Меншік иесінің яғни құрылыс салуға тапсырыс берген тапсырыс беруші ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына сай обьектіні дербес қабылдау актісін рәсімдей отырып, обьектіні пайдалануға қабылдайды (2 қосымша бұйрықтың) және 1 қосымшаға сәйкес обьектінің техникалық сипаттамалары туралы мердігерден тапсырыс беруші су шаруашылығы талап етуге құқылы ма. 2-сұрақ жүргізілген құрылыс обьектінің техникалық сызбаларында мердігерден талап етуге құқылы ма. 3-ден осы құрылыс обьектілері мердігермен қабылдап алған соң салынған құрылыстың техникалық паспортарын жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексерудің нәтижелері бойынша құқықтық кадастрды жүргізу үшін бастапқы обьектінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын нысандағы құжатты тапсырыс беруші (обьектінің меншік иесі ) алу үшін сол құрылыс аяқталған жергілікті жердің кадастрлық бөліміне немесе мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне обьектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге обьектіні пайдалануға қабылдаудығ бекітілген актісін берсе болдыма. 4-ден Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тірукеу туралы 18 бабына сай ғимараттарды, құрылыстарды және олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп -қарау туралы тармағының 3 тармақшасында жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп қарау жүзеге асырылмайды және техникалық паспорт рәсімделмеді делінген. Ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін тіркеуші орган кадастр ұйымы ақпараттық жүйесіне тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алуға жататын обьектінің пайдалануға қабылдау актісі негізінде енгізіледі деп көрсетілген. Сондықтан жаңадан салынған обьектінің техникалық паспортын тапсырыс берушіге жүктеледі ма немесе міндетті болып табылады ма. Осы техпастпорты түгендеу жұмыстарын мердігер немесе тапсырыс беруші орындайды ма соны анықтап заң тұрғысынан түсіндіріп берсеңіз.

  • Бекмуратов Асхат
  • Ауыл шаруашылығы
  • 14.07.2020
  • 31
  • Өтініш нөмірі 628276

Жауаптар (1)

Мусабаев Т.Т. 20.12.2020, 10:28

Сәлеметсіз бе, хабарласқаныңыз үшін рахмет. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдауы үшін мынадай құжаттар қажет (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен бекітілген меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларына 1-қосымшаның 3-тармағын қараңыз): 1. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы; 2. Техникалық шарттар; 3. Жобалау-сметалық құжаттама немесе нобайлық жоба. Нобайлық жобаның құрамына кіреді (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 3-қосымшаны қараңыз): 1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар; 2. 1:500; 1:1000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары; 3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер; 4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер; 5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары; 6. Инженерлік желілердің жоспарлары; 7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді енгізу объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде жүргізіледі («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағын қараңыз). Мемлекеттік техникалық тексеру объектіні пайдалануға қабылдау актісінде қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтер жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерімен өзгерген жағдайда жүргізіледі. Құқық иеленуші сәйкессіздіктерді анықтау үшін тіркеуші органға өтініш беруге құқылы, оның нәтижелері бойынша тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт беріледі. Техникалық паспорт анықталған өзгерістерді көрсетеді және мынадай бөлімдерді қамтиды («Техникалық паспорттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығын қараңыз): 1. аудандарды бөлу; 2. конструктивтік элементтердің және инженерлік құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамасы; 3. қабаттық жоспарлар және қабаттық жоспарларға экспликация; 4. жер учаскесінің экспликациясы, м2; 5. негізгі және қызметтік құрылымдардың, суық жапсаржай, жертөле, аулалық ғимараттар, жабындардың қолдану орны мен сипаттамасы; 6. жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарына экспликациясы. Осыған байланысты, ғимараттар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру мәселелері бойынша Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жүгіну қажет.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Мусабаев Т.Т.

Мемқалақұрылыскадастры РМК-нің бас директоры

Мусабаев Т.Т.

Мемқалақұрылыскадастры РМК-нің бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика