- Блогтар
- Есин Д. Н.
- Өтініш
Қайырлы күн! 2020 жылы қыркүйек айында, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сауран көшесінде, ашылғалы отырған № 89шы мектептің не себепті қазақ-орыс тілді аралас болады? Мектептің аралас тілді болуына қандай мәселе негіз болды? Жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді ма? кездесулер мен талқылау өтті ма? Ресми нәтижелері бар ма? Қаланың бұл жаңа аймағының (Времена года, АСИ, Көркем ТК-рі мен т.б.) тұрғындарының 80-90 % қазақ ұлтының өкілдері мен қазақ тілділер. Және осы аймақтағы көптеген тұрғындардың оқушы балалары осы уақытқа дейін алыстағы қазақ тілді мектептерге қатынап оқуға мәжбүр болды. Ал, мектеп аралас болса, яғни жартысы ғана қазақ тілінде оқытылатын болса, қазақ тілді оқушыларға бұл мектепте орын жеткіліксіз болуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019ж халыққа жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін». Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін, оның пікірінше, бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек, - деген. Президентіміз қойған осы міндетті орындау біздің де азаматтық борышымыз деп ойлаймын. Ал, осы мақсатқа жетуге, жаңа мектептердің аралас тілде болуы кедергі және тежеу болатыны да анық. Сондықтан, аз уақыт қалса да бұл мәселені қайтадан жан-жақты қарастырып, бұл мектептің бір тілді - қазақ тілді болуына ықпал етуіңізді сұраймын.
- Әділханұлы Қуаныш
- Мемлекеттік тілді дамыту
- 18.08.2020
- 106
- Өтініш нөмірі 636085
Жауаптар (2)
Есин Д. Н. 21.08.2020, 07:16
Құрметті Әділханұлы Қуаныш! Берілген мәселе «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ құзыретіне кірмейді. Өтінішіңіз Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне жолданды, себебі қаланың әкімдігі Сіз сұратқан ақпараттың иесі болып табылады.
Есин Д. Н. 21.08.2020, 10:20
Құрметті Әділханұлы Қуаныш! Берілген мәселе «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ құзыретіне кірмейді. Өтінішіңіз Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне жолданды, себебі қаланың әкімдігі Сіз сұратқан ақпараттың иесі болып табылады.