- Блогтар
- Ахметов Р.Н.
- Өтініш
Ахметов Р.Н.
ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы
Құрметті Дарбаев мырза! Бүгін,08.09.2020 ж. маған Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы Комитеті қызметкерімін деп өзін таныстырыған МЕРУЕРТ ДАРХАНБАЕВА (тел.87750743311 және 87022420726 және 87172743311) телефон шалып, Мемлекеттік тілге түкіргендей қайта-қайта ескерткеніме қарамастан Мемлекеттік тілде жауап беруден БАС ТАРТТЫ. Алдымен телефон тұтқасын лақтырып та жіберді. Мемлекеттік тілге түкіргендей ресей тілінде жауап беріп отырды *** Жауап логикасы: - "ой виможете ответить" Министр Руслан Даленов сіздің қол қастындағы Комитет қызметкерлері халықпен қатынасты ҚАЗАҚША білмей қалай жүргізеді? Қызметкеріңіз МЕРУЕРТ ДАРХАНБАЕВА азаматтың жағдайын жасаудың орнына едіреңдеп, алауыздықты қоздыруға дайын болып, менің ұлттық ар-намысым мен қадір-қасиетімді қорлап отыр. Конституцияның 7-ші бабына және Тіл туралы заңының 4-ші, 7-ші баптарына сәйкес, ҚР мемлекеттік тілі – Қазақ тілі болып табылады. «Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы». «Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi». «Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң қолданылуына кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады». Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға міндетті. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ білмей, жауап бере алмай, жауап бергісі келмей МИНИСТРЛІКТІҢ КОМИТЕТІНДЕ қызметін атқаруға болады ма? Ол қалай жұмысқа орналасқан? Мемлекеттік орган тарапынан Қазақстан азаматы құқықтарын бұзбауға қызмет туралы қажеттi ақпарат бермеуі бойынша құқықтарын болашақта бұзбауын, МЕРУЕРТ ДАРХАНБАЕВАға қолданған шаралары жайлы, Заңды мерзімде ресми жауап беруіңізді сұраймын. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес жазбаша сұрау салуда: ақпаратты сұрататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (Жандос Лесбекұлы Өстемір), жеке сәйкестендіру нөмірі (750128301802); пошта мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы (Астана, Түркістан көшесі 2/65), телефон немесе телефакс нөмірі (87019121616),көрсетілді.
- Өстемір Жандос
- Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету)
- 09.09.2020
- 66
- Өтініш нөмірі 640462/1
Ахметов Р.Н. 23.09.2020, 09:16
Құрметті Жандос Лесбекұлы! Хабарласқаныңыз үшін алғыс айтамыз! Құрметті Жандос Лесбекұлы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 90-1 бабының 1 бөлігіне сәйкес Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі- Министрлік) ведомствасы болып табылады. Қазіргі уақытта осыған ұқсас өтініш Министрлікпен қаралуда. Осыған орай тиісті жауапты Министрлік беретін болады.