Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Сіздің сауалыңызды қарап төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 139-бабына сәйкес «1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылады.».
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшыларын тағайындау міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Ал мемлекеттік коммуналдық мекемелердің басшыларын тағайындау Кодекстің 139-бабына сәйкес тағайындау тәртібі бойынша немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. Өз кезегінде, конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар, Қағиданың 6-1-тармағына сәйкес «6-1. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру конкурстық негізде алмастырылатын азаматтық қызметшілердің лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ұйым басшысы айқындайтын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға жүзеге асырылады.», яғни конкурстық негізде кіру, конкурстық негізде алмастырылатын азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі ұйым басшысымен айқындалады.
Сапиев С.Ж.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы
Сапиев С.Ж.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы
Сапиев С.Ж. 14.10.2020, 03:50
Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Сіздің сауалыңызды қарап төмендегіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 139-бабына сәйкес «1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылады.». Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшыларын тағайындау міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал мемлекеттік коммуналдық мекемелердің басшыларын тағайындау Кодекстің 139-бабына сәйкес тағайындау тәртібі бойынша немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. Өз кезегінде, конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, Қағиданың 6-1-тармағына сәйкес «6-1. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру конкурстық негізде алмастырылатын азаматтық қызметшілердің лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ұйым басшысы айқындайтын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға жүзеге асырылады.», яғни конкурстық негізде кіру, конкурстық негізде алмастырылатын азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі ұйым басшысымен айқындалады.