• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Айдапкелов Н.С.
  • Өтініш
Айдапкелов Н.С.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Құрметті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов мырза, Менің атым Назира Әлімжанова. Мен UNESCAP хатшылығының Ғарыштық қосымшалар бөлімінде, АКТ және апаттар қаупін азайту бөлімінде (IDD) практикантпын. Мен Ғарыштық қосымшалар бөлімінің қызметкері Тэ Хён Ким мырзамен тағылымдамадан өтіп жатырмын. Мен қазір Азия Технологиялық Институтында (Тайланд) Қашықтықтан Зондылау және Географиялық Ақпараттық Жүйелер мамандығын оқып жатырмын. Менің магистрлік диссертациямның тақырыбы «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ (Сырдария алқабында) ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАҒАЛАУ» болып табылады. Менің тақырыбым UNESCAP-тың «Орталық Азиядағы гео-құрғақшылықты бақылау» жобасына негізделген. Мен Сырдария өзенінің алқабында құрғақшылықты бағалау үшін бірнеше индекстерді қолдануды жоспарлап отырмын, оларды тексеру қажет. Ескерете кететін бір жәйт, ол бұл тақырып аясында осы өңірге жасалатын ғылыми жұмыстар жоқтың қасы. Менің жұмысымның еліміздің Құрғақшылық пен су ташылығын оңтайлы басқарылуына бірден бір көмек болатынына кәміл сенімдімін! Сондықтан менің Сіздерден сұрайтыным Сырдария алқабындағы аудандар немесе шаруашылықтар бойынша 2000-2020 жылдар аралығындағы ауылшаруашылық өнімділік туралы мәліметтер ала аламын ба? Құрметпен, Назира

  • Алимжанова Назира
  • Ауыл шаруашылығы
  • 22.10.2020
  • 74
  • Өтініш нөмірі 648450

Жауаптар (1)

Баспасөз хатшысы Әсем Алданғарқызы 30.10.2020, 07:41

Сәлеметсізбе, Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық ақпараттар жылдық мерзімділікте «ауылшаруашылық дақылдарын жалпы жинау», «ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігі», «ауылшаруашылық дақылдарының нақтыланған егіс алқабы», «ауылшаруашылық дақылдарының жиналған алқабы» туралы ресми статистикалық көрсеткіштер қалыптастырады. Аталған көрсеткіштер «Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау» атты статистикалық бюллетенінде жарияланады. Жоғарыда көрсетілген статистикалық бюллетень республика бойынша және өңірлер бөлінісінде Статистика комитетінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша орналасқан: Негізгі / Ресми статистика / Салалар бойынша / Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы / Статистика / Бюллетендер (https://stat.gov.kz/official/industry/14/statistic/5). Сырдария өзенінің алқабына Қызылорда мен Түркістан облыстары және республикалық маңызы бар Шымкент қаласы кіретіндіктен, осы өнірлердің сайттарында жоғарыда көрсетілген ұқсас атты статистикалық бюллетеньде аудандар бөлісінде төменде көрсетілген сілтемелер бойынша жарияланған: - Қызылорда облысы бойынша: www.stat.gov.kz / Негізгі / Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының статистика бөлімдерінің тізімі / Қызылорда облысы / Ресми статистика / Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы / Бюллетендер / «Қызылорда облысында ауылшаруашылық дақылдарын жаппай жинау» (https://stat.gov.kz/region/260099/statistical_information/industry/4314); - Түркістан облысы бойынша: www.stat.gov.kz / Негізгі / Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының статистика бөлімдерінің тізімі / Түркістан облысы / Ресми статистика / Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы / Бюллетендер / «Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау» (https://stat.gov.kz/region/20243032/statistical_information/industry/6114). - Шымкент қаласы бойынша: www.stat.gov.kz / Негізгі / Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының статистика бөлімдерінің тізімі / Түркістан облысы / Ресми статистика / Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы / Бюллетендер / «Шымкент қаласында ауылшаруашылық дақылдарын жалпы жинау» (https://stat.gov.kz/region/20242100/statistical_information/industry/7914).

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Айдапкелов Н.С.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Төрағасы

Айдапкелов Н.С.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика