- Блогтар
- Смағұлов Б.А.
- Өтініш
Смағұлов Б.А.
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Казақэнергиясараптама)» АҚ басқарма төрағасы
Ассалаумағалейкум! Осы өтінішпен келесі мәселе бойынша түсінік беруіңізді сұраймын? Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Досалы ауылын электр жарығымен қамту мәселесі бойыншы «ҚазТрансОйл» АҚ 10 кВ әуе желілеріне қосылуға техникалық шарттар берген. Берілген техникалық шарттарға сәйкес бағасы 5 250 000,00 теңгені құрайтын (бағасы жалғанды) вакуумды қалпына келтіргішті орнату көзделген. Қазіргі уақытта бізде бұл қымбат жабдықты сатып алуға мүмкіндік жоқ және біз «ҚазТрансОйл» АҚ берілген техникалық шартты қайта қарауды сұрап хат жазған болатынбыз, бірақ ешқандай нәтиже шықпады. Сұрақ: «ҚазТрансОйл» АҚ 10 кВ әуе желілеріне қосылуға берліген техникалық шартқа вакуумды қалпына келтіргішті орнатуды көздеуі негізді ма, заңды ма оның ішінде жеке тұлғалар мен шағын шару қожалықтарына. Техникалық шарт жалғанды. Сізге деген құрметпен Досалы ауылы тұрғындары!
- Турбаев Канат
- Шағын және орта кәсіпкерлік
- 10.11.2020
- 66
- Өтініш нөмірі 651562
Смағұлов Б.А. 16.11.2020, 12:03
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Маңғыстау облысы Досалы ауылы тұрғындарының "ҚазТрансОйл" АҚ-ның көрсетілген елді мекенді электрмен жабдықтауға қосу үшін вакуум реттегішін орнату жөніндегі іс-қимылдарына қатысты өтінішінде баяндалған мәселелерді қарау Қоғамның құзыретіне кірмейтінін хабарлайды. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес меншік нысанына қарамастан ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің заңдылығын жоғары қадағалауды прокуратура жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабына және «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өтінішті қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда сіз белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз.