- Блогтар
- Мелдебекова М.Т.
- Өтініш
Мелдебекова М.Т.
ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төреағасы
Мен, Раимбекова Багила Болысбековна (ЖСН 691008401924, тел. нөмірі 7473131227) бастауыш сынып мұғалімі, 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Тараз қаласы Юстадиде квалтест тапсырып жоғары 84 баллмен өттім. Алайда анықтама алу барысында қателік кеткенін анықтадым. Анықтама мен берген өтінімге сәйкес келмейді. Мен өтінімді педагог-сарапшыға бердім. Ал анықтамада басқа категория көрсетілген. Осы мәселеге байланысты Ұлттық тестілеу орталығына да, Юстади компаниясына да өтініш жаздым. Алайда олардың жауабы мені қанағаттандырмады. Анықтамаға мен берген өтінімге сәйкес түзету жүргізуді сұраймын.
Файлдар:
- Раимбекова Багила
- Білім
- 19.11.2020
- 40
- Өтініш нөмірі 653130
Мелдебекова М.Т. 24.12.2020, 01:20
Құрметті Бағила Болысбековна! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 мамырда № 20636 болып тіркелді) 5-тармағына сәйкес Ұлттық біліктілік тестілеудің өткізу қағидасы бойынша педагог тиісті біліктілік санатын көтеру (растау) үшін өтініш береді. Көрсетілген бұйрықтың 8-тармағына сәйкес өтініште педагог тапсыру тілін, өтетін күнін, уақытын, біліктілік санатын көрсетеді. Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін педагогқа тестілеуге қатысу үшін рұқсаттама беріледі. Ұлттық біліктілік тестілеуден өткені бойынша анықтамаға түзетулер енгізу үшін Сіздің өтінішіңіз Ұлттық тестілеу орталығына жіберілді. Көрсетілген мәселе бойынша Сіз (+7 7172) 69 52 91 нөміріне хабарласуыңыз қажет.