• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қабаев Ә.К.
  • Өтініш
Қабаев Ә.К.

ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

мына сұмдыққа қалай қарайсыз? үкметтің ақшасына күн көріп жүрген самрұқ қазына деген мекеменің үй салып берү саласындағы сайтына кіріп өтініш берүге қазақ тілді адамға еш бір жағдай жоқ. мүлдем адам құрлы санамайды екен басшылары.мына сілтемеге https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya кіріп көріңіз де келесі сілтеме https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya немес қазақша түймешені бассаңыз көресіз сорақылықты. орсщасында жаңалықтар бірден шығады да мемлекеттік тілде мүлдем шығарылмай ақ қалуы мүмкін.менің конституциялық хұқығым айкын бұзылып тұр. бұл мемлекеттік мекеме, ал жеке меншіктегі мекемелер тіпті конституцияны аяқ асты қылып алған. мысалы каспий банктің аты шулы каспий қосымшасында мемлекет тілінде бір сөз де жоқ. шара қолданып көріңіз. қолыңыздан келсе егер. соны талап етемін қазақ мемлекетінің азаматы болғандықтан.

  • Нұртаза Ермек
  • Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
  • 08.12.2020
  • 39
  • Өтініш нөмірі 656197

Жауаптар (1)

Қабаев Ә.К. 15.12.2020, 06:22

Құрметті Нұртаза Ермек! Сіздің еліміздегі тілдік ахуалға және мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылуына қатысты көтеріп отырған мәселеңіз орынды. Бұл – қазіргі таңда көпшілік тарапынан жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда, тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететін уәкiлеттi орган ретінде Комитет Қазақстан Республикасы Конституцияның 14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 14-тармағына сілтеме жасай отырып, «Самұрық-Қазына»-ға өтінішіңізде көтерілген мәселелер бойынша өз тараптарынан тиісті шаралар қабылдау және алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбауын қадағалау туралы хат (15.12.2020 ж.№ 01/3322-И) жіберді. Сонымен қатар «Kaspi Bank» АҚ-ның (бұдан әрі – Банк) қосымша бағдарламасының қазақ тіліндегі нұсқасының жоқтығына қатысты шара қабылдау туралы жеке азаматтардан бірнеше өтініш келіп түскен болатын. Бұл ретте Комитет тарапынан Банкке аталған олқылықты түзетуге қатысты хат жолданған болатын. Банк жауабына сәйкес Kaspi.kz қолданбасының нұсқасы дайын, алайда пандемияға байланысты қазіргі кезде Банк ресурстары ел тұрғындарына көмектесуге арналған жобаларға бағытталғандығы айтылып, алдағы уақытта клиенттердің қолданбадағы барлық қызметті мемлекеттік тілде тұтына алу бағытында жұмыстар жалғасатыны хабарланды. Баяндалғандармен қатар тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс білдіреміз!

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Қабаев Ә.К.

ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасы

Қабаев Ә.К.

ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика