- Блогтар
- Оразалин О.С.
- Өтініш
ҚҰРМЕТТІ Оңдасын Сейілұлы! Сізге "Арманыңа қол соз" жобасы бойынша мәселе!!! Әкім мырза сізден сурарым сіз біздерді яғни, жастарды колдау "Арманыңа қол соз" атты қайтарымсыз грантты бізге ұсынып демеу болдыңыз! Алайда, біз толық өзімізге берілген қаражатымызды ала алмай журміз 50% пайызын осыдан 2 ай бұрын колымызға алдық, қалған соманы күнде ертеңмен алданып келемиз әне-міне мен. Жылдың соңғы күні болды. Құрметті Оңдасын Сейілұлы, сіз сертификатты табыстаған күні жастардың қаражаты қашан түседі дегенде, бұйырса міне аударып жатырмыз деген. Бірак біз жарты сомасының өзін әзер алғанбыз қалған жарты сомасын әли бермей жатыр. Сондықтан, осы біздің қалған ақшамызды толық беруін талап етсеңіз. Алған жарты сомамыздың отчётын 2 ай болды, тапсырғанымызға бірақ бұл бизнес - бізді шарасыз калдырды. Жұмысқа адам алуды талап етті. Адам алдық бірақ алған адамымыздың айлығын да бере алмай отырмыз. Сондықтан біздің арманымыздың толық орындалуына дему болынызды, осы біздің ала алмай отырған қалған сомасы шотымызға тез арада толық түсуін қадалауыңызды сұраймын!!! Біз сурасақ ұйымдастырушылардан бізге берген жауабы Әкімшілік бізге қалган соманы аудармай отыр дейді, кез келген мемлекеттік мекеме жыл соңында барлық отчётын тапсырып, жабуы керек емес па? Менің және де жастардың армандарының толық орындалуына көмек беруіңізді СҰРАЙМЫН!!! Рахмет!
- Танкин Жанболат
- Шағын және орта кәсіпкерлік
- 30.12.2020
- 44
- Өтініш нөмірі 659791
Оразалин О.С. 31.12.2020, 12:02
«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) 2020 жылдың маусым айында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтерге конкурс тәсілімен өткізген болатын. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық бірлестігі (одан әрі - ҚБ) сатып алу жеңімпазы болып табылып, аталмыш қормен 2020 жылдың 23 маусымында 32 000 000 (отыз екі миллион) теңгені құрайтын №15 шарт жасалды. Келісім шарттың техникалық ерекшелігіне сәйкес, әлеуетті өнім жеткізушіге мынадай талаптар қойылды: Жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға облыс әкімінің грантын тапсыру рәсімін ұйымдастыру және өткізу; Әр грант сомасы 2 000 000 (екі миллион) теңгеден аспауы тиіс; Ауыл жастарына кемінде 5 грант бөлінуі тиіс; • Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға облыс әкімінің гранты грант иеленушінің жеке шотына аударылады; • Комиссия жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға грант бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Комиссия мүшелері бекітетін екі жақты шарт жасалады; • Лотты жүзеге асыру кезеңінде грант иеленушілер үшін кемінде 3 күндік семинар өткізу; • Лотты жүзеге асыру барысында барлық кезеңіне 3 ментор-жаттықтырушыны тарту. Ментор-жаттықтырушылардың грант иеленушілермен жұмыс жоспарын әзірлеу. Мемлекеттік мекемелер, бизнес қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері өкілдерінен құрылған комиссияның шешімі бойынша 16 грант иегері анықталып, гранттың жалпы сомасы 22 788 000 теңгені құрады. Бұл жағдайда тапсырыс беруші 27.07.2020 жылы шарт сомасының 30% – ы-9 600 000 теңге мөлшерінде аванстық төлем, сондай-ақ 11.10.2020 жылғы №2830753/20-311 төлем шотына сәйкес 21 000 000 теңге, 29.11.2020 жылғы №2830753/20-382 төлем шотына сәйкес 982 500 теңге төлем жасады.Нәтижесінде төленген қаражат 31 582 500 теңгені құрайды. Шарт бойынша соманың қалдығы 417 500 теңгені құрайды. Көріп тұрғандарыңыздай, тапсырыс берушінің уақытылы төлемдеріне қарамастан, «Қазақылықтың Атамекені» ҚБ келісілген талаптарды орындамады, атап айтқанда 2020 жылғы 12 қазандағы №633 және №639 төлем тапсырмаларына сәйкес, барлық 16 жеңімпаз бүгінгі күні барлық гранттардың жалпы сомасының 50% - ын ғана алды, атап айтқанда 11 394 000 теңге. Жоғарыда айтылғандардан басқа, «Қазақылықтың Атамекені» ҚБ барлық грант алушылармен 2020 жылдың 16 қыркүйегінде грант беру туралы шарт жасасқан болатын және сол Шарттың 4-тармағының 4.2-тармақшасына сәйкес, шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде грант алушының ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аудару тиіс болатын. Осылайша, «Қазақылықтың Атамекені» ҚБ жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес грант алушылар алдындағы өз міндеттерін орындамаған. Шарттың осы талаптарын орындау үшін Басқарма «Қазақылықтың Атамекені» ҚБ-не техникалық ерекшелікте көзделген шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беру туралы 2020 жылғы 11 желтоқсанда №01-2/634 және 2020 жылғы 24 желтоқсанда 01-2/646 жазбаша хабарлама жіберген (грант иегерлері үшін барлық соманы төлеу туралы) болатын. Алайда, өнім беруші техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруден бас тартып, міндеттемелерін орындамады. Бұл әрекеті жасалған келісім-шарттың талаптарын бұзу болып табылады. Осы туындаған жағдайларға байланысты, Басқарма а.ж. желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің148, 149-баптары, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 293-бабы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабы 4 тармағы негізінде «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық бірлестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, сондай-ақ 11 394 000 теңге мөлшеріндегі қалған соманы өндіріп алу және оларды сот шешімі күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде грант жеңімпаздарының шоттарына қайта жіберу туралы Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінгенін хабарлаймыз. Сот отырысы 2021 жылдың қаңтар айына жоспарлануда.