• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жайымбетов М.Ж.
  • Өтініш
Жайымбетов М.Ж.

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Кайырлы кеш. Жауабыңызға рахмет. Осы бағдарлама бойынша растау келді. Тағы бір сұрағым бар . Акиматтан 1млн-ға сертификат беріліп жатыр еді. Мен толық емес отбасы ретінде үй кезегінде тұрамын. Шанырақ бағдарламасымен үй алатын болсам маган беріледі ма? Кайда барсам болады?

  • Умирбекова Лаззат
  • Ипотека
  • 08.01.2021
  • 44
  • Өтініш нөмірі 660957

Жауаптар (1)

Жайымбетов М.Ж. 18.01.2021, 09:55

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет), Сіздің тұрғын үй сертификатын алу бойынша өтінішіңізді қарастырып, өз құзіреттіліг шегінде келесіні хабарлайды. Тұрғын үй сертификаттарын беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен реттеледі. Аталған қағиданың 2 тарауына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) айқындайды. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) млн. теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады. Сонымен қатар, тізбеде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы мамандардың қажеттілігін, сондай-ақ Заңның 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын (бұдан әрі - өтініш беруші) ескере отырып, алушылардың мынадай санаттары көзделеді: - мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; - «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; - толық емес отбасылар. Осыған байланысты, Сізге өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға (Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы, Жароков көшесі, 215) жүгінуіңіз қажет. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес қабылданған шешiмге шағым жасай аласыз.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Жайымбетов М.Ж.

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы

Жайымбетов М.Ж.

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика