• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Дарбаев А.К.
  • Өтініш
Дарбаев А.К.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Ғизат Дәуренбекұлы, Асан Көбентайұлы, Алик Жатқамбайұлы! Түркістан облысы Жетісай ауданында "ҚазТрансГазАймақ" халықты тонап отыр! Қараша айында абонент, яғни Әйтекеби 17 үй тұрғыны газды тұтынады, бірақ түбіртек келмейді, яғни есептеу болмаған! Себебі: Салтанат есімді РЦКУ бақылаушысы (контролер) 2020 жылдың желтоқсанның 1-де газ есептегіш құрылғысынан деректерді алуға келгенінде үйімізде ешкім болмағандықтан осы күні сағат 12-20-да бізге қоңырау шалады және деректерді WhatsApp желісі арқылы фотоға түсіріп жіберуін сұрайды, белгілі себептерге байланысты тек 10 желтоқсан күні WhatsApp мессенджеріне деректерді жібергенбіз, тіпті түбіртек келмеген соң қараша айының деректерін қосымша Telegram месенджерінде RCKU боты арқылы да жіберген болатынбыз және қараша айына тұтынылған газды желтоқсанның 25-не дейін төлеу керек болғандықтан 2020 жылдың 21 желтоқсаны күні Kaspi арқылы 16016,13 теңге артық (переплата) төлем жасап қойдық. Бірақ түбіртек КЕЛМЕДІ! Есесіне қараша айында тұтынған газ желтоқсан айына қоса есептеліп, желтоқсан айының түбіртегінде 44330,04 теңге есептелінген. Неге желтоқсан айына қосып есептейді, халықты тонау ма, қанау ма?! Неге тонау деймін?! Себебі қараша айында КП (коэффициент перерасета) 1,085 болған, ал желтоқсан айында 1,119. Қосымшада қараша айының түбіртегі мен желтоқсан айының екі түрлі түбертегі тіркеледі. КП-нің өзі қалай есептеліп жатыр екен?! Ол қаншалықты заңды есептеліп жатыр, яғни ҚР СТ 1666-2007 "Магистралдық газ құбыры бойынша жеткізілетін және тасымалданылатын табиғи жаңғыш газдар" стандарты арқылы дұрыс есептелу де ме? Ауа райы жылы болатын оңтүстіктің оңтүстігі Жетісай ауданында КП-ны жоғары есептеу заңсыз емес пе?! Қазақстан газ-мұнайға бай мемлекет деп мақтанамыз, бірақ өкінішке орай нақты іс-жүзіне келгенде "ҚазТрансГазАймақ" сияқты компаниялар халықты осылайша қанауда! Бұл бір ғана менің келтіріп отырған дәлелім! Халық арасында газдың қымбаттығы және КП жайлы шағымы көп екендігін айта келе, жоғарыдағы айтылған мәселемді және КП есептеулерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексеруін өтінемін!

Файлдар:

WhatsApp Image 2021-01-09 at 13.42.17.jpeg

4_6038641919876137588.pdf

4_6022984646663340634.pdf

4_6002650909979443794.pdf

  • Алтаев Бахыт
  • Өңірлері
  • 09.01.2021
  • 29
  • Өтініш нөмірі 661021

Жауаптар (1)

Дарбаев А.К. 13.01.2021, 09:29

Құрметті Бахыт Мухамедович! «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, Кодекстің 124-6-бабының 2) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Заңның 5-бабында табиғи монополиялар салалары, ал Кодекстің 124-5-бабының 1-тармағында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерін реттеу салалары айқындалған. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі газ және газбен жабдықтау саласындағы бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесі (бұдан әрі- Әдістеме) бекітілген. Осылайша, есептеу құралдарының көрсеткіштерін қайта есептеу Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады. Әдістемені әзірлеуші орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылатынын ескере отырып, аталған министрлікке жүгінуді орынды деп санаймыз.

Файлдар:

ответ 661021.docx

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Дарбаев А.К.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Дарбаев А.К.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика