- Блогтар
- Трұмов С.Ө.
- Өтініш
Маңғыстау облысы әкімі Трумов С.У. мырзаға Жетібай ауылы, жаңақұрылыс 33 үй тұрғыны Куанова Насип Мергенбаевнадан Тел 87025276942 Мен, Куанова Насип Мергенбаевна, Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғынымын. Төменде өз жағыдайымды баяндап,Сізден көмек сұраймын. 1971 жылы 11 қараша айында Жетібай ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы шаңырақ көтеріп, бірнеше жыл ата – енеммен бірге тұрып, 1997 жылы Жетібай ауылындағы Геофизика шағын ауданындағы 13үйдің 2 пәтеріне (қазіргі Ш.Ыбырайымұлы) бөлек отау шықтым. Сол уакыттан бері осы жерде тұрып,балалы-шағалы болдым. Қазіргі уақытта 4 балам бар. Жолдасым Серіков Торехан Амангелдіұлы, 2018 жылдың шілде айында қайтыс болды. Қазіргі таңда балдарым өсіп,ер жетті. 1992 жылғы ұлым – Серік Қасым Төреханұлы отбасылы, 2 баласы бар, Актау қаласынан кредитке пәтер алып тұрып жатыр. 1993 жылғы ұлым – Амангелді Қайсар Төреханұлы отбасылы, 3 баласы бар, ақшалай кредит алып, Жетібай ауылынан үй тұрғызып алды. Аяқтанбаған екі баламмен (2000 жылғы қызым – Амангелді Аңсаған мен 2003 жылғы Амангелді Ерменбет) екінші ұлымның қолында тұрамыз. Ендігі менің шешілмей тұрған мәселем: ол – геофизикадағы 13 –ші үй. Ол үй Жолдасымның атында болған еді. Қолымыздағы бар құжаттар тек қана үлкен домовой кітапша мен ауыл әкімінің шешімі ғана. Кезінде тек сол құжаттар ғана жарамды болып жүрген болатын. Сол кездің өзінде ол үйлер жарамсыз үй, яғни сносный үйлер болатын. Осы жарамсыз үйлерге жаңа үй салынып жатыр дегенді естіп,әкімге де бардым, аудандағы тұрғын үй мәселесін шешетін маманменде телефон арқылы тілдестім. Былтырғы жылдың қараша айында тапсырған кұжаттарым белгісіз себептермен аудандағы тұрғын үй бөліміне жетпеген. Қәзіргі уакытта маған қиын болып отырғаны қайтыс болған жолдасымның атына алынған барлық кредит менің атыма өтіп (6 000 000 теңге), айлық есебімнен 50 пайыз ұсталып отыр. Банкпен соттасып, сот сонда да шешімді банк пайдасына шешіп берді. 1993 жылы тұрғын үйлер жекешеленгенде жолдасым екеуміз ата – енем үйінен үлесіміз болып шешім қабылданған екен, енді үлестен бас тартайын десем, (ол документ, яғни еш жерде үлес жоқ деген, салынып жаткан жаңа үйге документ жинактауға керек) жолдасымның кредитінен құтылғанша ата-енемнің үйін арестке қойып тастаған,енді ол үлестен шыға алмаймын. Ендігі менің Сізден сұрап отырған көмегім, кәзіргі менің жағдайымда, асыраушысы жоқ жесір екенімді және аяқтанбаған 2 баламның барын ескере отырып, салынып жатқан жаңа үйден пәтер беруіңізді сұраймын. Менің шағым –арызымды қараусыз қалдырмассыз деген сенімдемін. Рақмет. Куанова Н.М. 11.01.2021ж.
Файлдар:
- Куанова Насип
- Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері
- 12.01.2021
- 44
- Өтініш нөмірі 661337
Трұмов С.Ө. 12.01.2021, 05:45
Құрметті Нәсіп Мергенбайқызы! Сіздің Тұрғын-үй саласындағы өтінішіңіз бойынша Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері байланысқа шығып, Сізден құжаттар қабылдау арқылы мәселеңіздің оң шешімін табуы жолында жұмыстанатын болады.