- Блогтар
- Әбдіқалықова Г.Н.
- Өтініш
Қайырлы күн, Гүлшара Наушақызы! Сұрағым тұрғын үйлерді модернизациядан өткізу жайлы: 2020 жылы Жалаңтөс Бахадүр көшесі №1 үйді толық модернизациядан өткізу үшін (дәліздерді жөндеу/қайта жаңарту) жұмыстар басталған болатын. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстардың сапасына көңіліміз толмайды, жұмыстар толық бітпей тұрып, мердігер компания тұрғындардан қол жинауда. Осы мәселені назарыңыздан тыс қалдырмауыңызды сұраймын. Қосымшада фотосуреттер.
- Садуахас Нұргүл
- Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері
- 12.01.2021
- 39
- Өтініш нөмірі 661392
Жауаптар (2)
Әбдіқалықова Г.Н. 12.01.2021, 12:02
Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 27.01.2021, 04:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2020-2021 жылдарға арналған кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттерге, Республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың бюджеттеріне несие беру бағдарламасы» аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына сәйкес, Қызылорда қаласында орналасқан Ж.Бахадүр көшесі №1 көппәтерлі тұрғын үйге 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба-сметалық құжаттары бас жобалаушы «РЕМПРОЕКТ» ЖШС-гі тарапынан жасалып, 06.05.2020 ж. №ПЭК-0018/20 жұмыс жобасына сәйкес сараптамалық оң қорытындысы берілген. Ж.Бахадүр №1 көппәтерлі тұрғын үйден жалпы жиналыс барысында пәтер иелерінен күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындар тарапының 70% келісімі алынған. Қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес, мердігер мекеме пәтер иелерімен бірге таңдалып хаттамасы рәсімделген. Жоба-сметалық құжаттамасына сәйкес атқарылған жұмыс түрлері: шатыр жабынын толықтай жаңарту, подьезд ішін сырлау және пластикалық терезе орнату, өжіре ішін тазарту, су бұру жүйесі, кәріз жүйесі, жылу құбырын толықтай ауыстыру және т.б жұмыс түрлері орындалды. Аталған көппәтерлі үй бойынша жалпы сметалық құжаттамасы бойынша 44 959 655 теңге қаражатты құрап отыр. Мердігер мекеменің 2-жыл кепілдік уақыты құрылыс-мердігерлік келісім-шартында көрсетілген. Осыған орай, келісім-шартқа сәйкес мердігер мекеме тарапынан кепілдік негізінде ақаулықтар қалпына келтірілетін болады. Сонымен бірге, аталған үй тұрғындарының шағымы бөлім назарына алынып, бағдарлама әкімшісі «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің мамандары тұрғындарға түсіндерме беру мақсатында жиналыс ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 215-бабына сәйкес, үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүлік бойынша өз үлесіне яғни әр шаршы метр алаңына байланысты салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге міндетті екендігі түсіндіріліп, келісім-шартқа қол қою жұмыстары жалғасын табуда. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.