- Блогтар
- Элиманов Ж.Қ.
- Өтініш
Элиманов Ж.Қ.
ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің төрағасы
Мен Есжан Ержан Түркістан облысы Созақ ауданы шолаққорған ауылының тұрғынымын. Менің өтініш беру себебім 2019 жылдың сәуір айында отбасыық жағдайға байланысты БанкХоумкредиттен 430000мың теңге ай сайын 25000нан 2022 жылдың сәуір айына дейін несие рәсімдеп берген еді, мен 2020 ы жұмыстан босағаныма қарамастан, желтоқсан айына дейін төлеп отырған едім, желтоқсан қаңтар айларында ешқандай қаржым болмай төлей алмай отырмын.Маған нктен звандап бала жастан мүгедек баламның жәрдемақысынан басып қалатынын айтып отыр. Сізден өтініш осы мәселемді шешіп беруіңізді сұранамынЖСН: 870831301303 тел 8702 231 68 87
- Есжанов Ержан
- Қаржы
- 12.01.2021
- 44
- Өтініш нөмірі 661395
Элиманов Ж.Қ. 12.01.2021, 04:54
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Сіздің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 661395 өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті туралы ережеге сәйкес Комитет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау саласында басшылықты жүзеге асырады. Осыған орай, сіздің өтінішіңізде баяндалған мәселелерді қарау Комитеттің құзыретіне кірмейтіндігін хабарлаймыз. Өтінішіңіз бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінген жөн.