• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбдіқалықова Г.Н.
  • Өтініш
Әбдіқалықова Г.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Сайлау дедік сайлауда өте шыкты. Сайланып болсаңыздар іске көшейік. Есіктен есікке дедік барлык жаксы жерлерді аралап көрсеңіздер енді шындыкка тіке карайык. Әне-міне дегенше көктемде келеді судың жағдайы не болмақ? Қамыстыбас көлі сусыз қаламай ма? Көліміз калпына келу үшін бірнеше көл толуы керек. Әлі Райым көлі де толған жоқ. Каншама суды егінге алады ертең. Сонда судың келуі төмендейді. Сонда не болмак? Жалаңаш, Жыңғылды, Тасаба көлдерінің ұлтаны құрғап тұр. Ертең күн жылыса кандай иіс шығатынына айтпасада белгілі. Ылғалға шыккан көк шөпті жеимін деген төрт түлік батып өледі. Қаншама шығын болады халыққа. Көл тартылса балық қырылады. Балық қырылса халыктан маза кетеді. Сыр бойындағы халык нәпахасын балықтан тауып отыр. Оны бәріңіз жаксы білесіздер. Облысымыздың мактанышы болып тұрған көлдің қазіргі таңда жағдайы мәз емес. Уакытылы су келмегесін судың иісі шыға бастады. Жазда Камбаш көлінің жағасы салынған балалар демалатын жағажайдың жағдайы не болмақ? Жылына мемлекеттік тапсырысты орындап отырған Камыстыбас балық питомнигі суды кайдан алады? Күннен күнге сұрақ көбейіп барады. ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОСЫНЫ БАСТЫ НАЗАРҒА АЛУЫНЫЗДЫ СҰРАЙМЫН. Сырдариядан келіп жаткан суға бакылау жасап руқсаты жоқ каналдар жабылса. Арнайы техника жиберіліп еңбекпен ашылған Жасулан каналы терең қазуға , және шлюз салуынызға ықпал жасауыңызді сұраймын. Сайланған құрметті депутаттар сіздерге сәттілік тілейміз. Осы мәселені республика көлемінде көтерулерінізді сұраймын. Табиғат пайдаланушылар(кәсіпкерлер) жанашырлык танытады деп сенемін

  • Сқақов Азамат
  • Ауыл шаруашылығы
  • 13.01.2021
  • 54
  • Өтініш нөмірі 661654

Жауаптар (2)

Әбдіқалықова Г.Н. 21.01.2021, 07:37

«Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының ақпараты бойынша Қазалы су торабынан төменгі ағысқа секундына 250 м3/с су жібергенде ғана, Қамыстыбас көлдер жүйесіне сумен қамтамасыз етілетін болады. Қаңтар айынан бастап бүгінгі таңда Қазалы су торабының төменгі бъефінің су деңгейі 60 см көтеріліп отыр, яғни су торабынан төменгі ағысқа түсетін су 123 м3/с - тан 195 м3/с - қа өсті. Қазіргі таңда, Қамыстыбас көлдер жүйесіндегі Райым, Жаланашкөл, Жыңғылды және Лайкөл көлдерінің табанына су салынуда. Сонымен бірге, 19.01.2021 жылдан бастап Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына су тастау 550 м3/с-тен 600 м3/с-ке дейін көбейді. Қамыстыбас көлін суландыру мәселесі облыс әкімдігінің бақылауынды. Жалпы, Қамыстысбас көлінің мәселесі «Қамыстыбас пен Ақшатау көлдер жүйелерін қалпына келтіру» жобасы аясында іске асырылатын болады. Жобаның жалпы құны (2014 жылдың бағамы бойынша) 10,3 млрд. теңге құрайды. Жоба аясында су өткізу қабілеті 800 м3/с болатын Аманөткел су торабының құрылысын салу, 40 шақырым болатын 10 дана каналдар тазалау, олардың бойындағы су құрылыстарын салу, 14,9 шақырым қорғаныс бөгеттері, 37 шақырым эксплуатациялық жолдар, құбыр көпірлер т.б. жұмыстар қаралған. Бұл жоба «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасына енгізіліп, Дүниежүзілік Банктың қарыз қаражаты есебінен іске асыру жоспарлануда. 2020 жылдың 15 шілдесінде «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге грант қаражатын тарту туралы Дүниежүзілік банк пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасында келісімге қол қойылды. 2020 жылдың 15 желтоқсанда грант келісімі күшіне енді. Қазіргі таңда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай ұқсас жобаларды әзірлеуге мамандандырылған халықаралық компанияларды іріктеу бойынша жұмыстарды атқаруда. 2018-2019 жылдары облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйелеріндегі су шаруашылығы нысандары құжаттандырылды. Бұдан бөлек, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы арқылы 2020 жылы Жасұлан каналындағы су тоспасы құрылысына ағымдағы жөндеу жүргізуге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, 2021 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Егер берілген жауапқа келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқықтарыңыз бар екендігін түсіндіреміз.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Әбдіқалықова Г.Н. 13.01.2021, 04:22

Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Әбдіқалықова Г.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Әбдіқалықова Г.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика