- Блогтар
- Аймағамбетов А.Қ.
- Өтініш
Мен, Шымкент қаласының тұрғыны Беков Алибек Алимханович. Менің інім Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептердің бірінде білім алуда. Інім осы жылы 11сыныпты бітіреді. Соған байланысты сұрағалы тұрған мәселе, алдынғы жылдары бітірген мектеп бітіруші түлектер ҰБТ сынағын, қыста, көктемде тапсырып шекті балдарын алып, ЖОО-на тек ақылы бөлімге түсе алатын, ал жаз айында тапсырған ҰБТ нәтижесімен конкурсқа қатысып, грандқа түсе алатын. Бізге мектептегі сынып жетекшілері осы жылы бітіріп жатқан түлектерге қыстағы, көктемдегі, және жаз айларында тапсырған ҰБТ нәтижелерінің ішіндегі ең жоғары балымен конкурсқа қатыса алатындығын айтуда. Менің сұрағым: қыста тапсыратын ҰБТ сынағы қорытындысымен Қазақстанның жоғары оқу орындарына грандқа түсуге боладыма? яғни конкурсқа қатыса алама? Осы ақпарат қаншалықты рас немесе жалған екендігін анықтап, заңгерлік сауаттылығы толық емес ата-анаға ресми құжаттардағы заңнамаларды қарапайым түсінікті тілде түсіндіріп берулеріңізді сұранамын
- Беков Алибек
- Білім
- 15.01.2021
- 33
- Өтініш нөмірі 662115
Аймағамбетов А.Қ. 21.01.2021, 02:32
Құрметті Алибек! «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрықтың (бұдан әрі - Қағида) 3-тармақтын 2) тармақшасына сәйкес ағымдағы жылғы бітірушілерге қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін орта білім беру ұйымдарының ҰБТ-ға қатысады; Осыған байланысты республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін күнтізбелік жылғы 20 маусым бен 5 шілде аралығында ҰБТ-ны тапсыру қажет. Ал қыста өткізілетін ҰБТ-ға Қағиданың 3-тармақ 1), 2) тармақшасына сәйкес ағымдағы жылғы бітірушілеріне және орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11(12) сынып оқушыларына тек ақылы негізде оқуға қабылдану үшін өткізіледі.