• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алдамжаров Н.Ж.
  • Өтініш
Алдамжаров Н.Ж.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Н.Ж.Алдамжаровқа Темур Муратұлы Муратовтан Шымкент қаласы,Гулдала көшесі ,уч.3767 тел.87024252749

Файлдар:

Арыз.docx

  • Муратов Темур
  • Ерікті тақырыбы
  • 19.01.2021
  • 51
  • Өтініш нөмірі 662609

Жауаптар (1)

Алдамжаров Н.Ж. 29.01.2021, 05:34

№ 05-29/087-вн от 29.01.2021 № 662606, Муратов Темур Срок 28 января 2021 года. Ответы на блог направлять за подписью курирующего вице-министра. Подписанный ответ необходимо направить на эл. почту: b.makasheva@ecogeo.gov.kz Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Көшірме: Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Ұ.Маминге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Шәпкеновқа ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағаливке ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Н.Ж.Алдамжаровқа Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевке Темур Муратұлы Муратовтан ИИН 890917302194 Шымкент қаласы,Гулдала көшесі ,уч.3767 тел.87024252749 Құрметті Қасым- Жомарт Кемелұлы Токаев мырза!!! Сіздерден Зейнеткерлік жасына 2 жыл қалған әкем Ешанкулов Мурат пен 8 ай қалған анам Утешова Гульбахрам Сырлыбайқызына араша түсулеріңізді сұраймын. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің қарасты «Қазсушар» РМК-ның (бұдан әрі-Кәсіпорын) Түркістан филиалының 2020 жылдың Маусым айынан бастап, жаңа бастық Денис Валерьевич Коноваловпен бірге тағайындалған директор орынбасары Ж.Адамбосынұлы өз тарапынан бірінші күннен мекеме қызметкерлеріне айқай-шу шығарып, «барлығың қазақтар, ұялмастан отырсыңдарма, көресіңдер 15 күннен кейін араларыңда орыс, кәріс ұлтымен ауыстырамын, барлығың аттестатциядан өтесіңдер» деп айқайлап, 2 күннен соң Нұр-Сұлтан қаласынан Д.Коноваловтың жалғыз қалдырмау мақсатында жанына «Қазсушар»РМК-ның бас директорының қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңесшісі Е.Жумагулов келіп, - «ауырып жатқан бас инженер Т.Балпиковты және бірқатар өндірістік басшылардың ауырғандары өтірік, бұл қылықтары «Саботаж», Д.Коноваловпен жұмыс істемеу амалдары деп айқайлап отырғанда, бас инженер Т.Балпиков сол сөздерді есітіп қатты уайымға салынып, артынша көп ұзамай қайтыс болды. Сонымен қатар, «Қазсушар»РМК-ның бас директорының қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңесшісі Е.Жумагулов тілге тиек еткен директор орынбасары Ж.Әбдіқасым, Созақ өндірістік бөлімше басшысы Қ.Тастыбаев, Көксарай өндірістік бөлімшесі басшысы А.Касимов, Сарыағаш өндірістік бөлімшесінің басшысы Қ.Шойгараев және басқа 5 адам, жалпы 10 адам «пневмония» диагнозынан көз жұмды. Сол кезде анам Г.Утешова директор Д.Коновалов пен «Қазсушар»РМК-ның бас директорының қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңесшісі Е.Жумагуловтың отырған кабинетіне кіріп, Шымкент қалалық СЭС-ке хабарласып, мекемені залалсыздандыру қажет екендігін айтқан, анам Г.Утешоваға «Қазсушар»РМК-ның бас директорының қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңесшісі Е.Жумагуловтың «заласыздандыру жұмыстарына «Қазсушар» рұхсат береді ма?» деп айқайлағаны, сол күннен бастап анам құдалауға түскен. Нұр-Сұлтан қаласынан хабарласып, «барлығыңа көрсетемін, сендерде бардак, неге еңбек шарттарды жыл сайын жаңартып отырмайсыңдар», «ана кісіні жұмысқа қабылдаңдар, егер қабылдамасаңдар оның орнына қабылдайтын адамға рұқсат бермеймін» деп ұялы телефонына хабарласып жатқаны және бар. Осы мекемеде әкем Ешанкулов Мурат Караманович- ІІ топтағы мүгедек, 2011 жылдан бастап қойма меңгерушісі қызметінде қызмет етеді, мекеменің директор қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Э.Куланов тарапынан ол кісігеде қысым көрсетіліп жатыр. Мысалы: сағат 08:30 бас мемеменің бухгалтерлік есеп бөліміне есеп тапсыру үшін келген әкемді өндірістік базада жұмыста жоқ деп АКТ түзіп, «қатаң сөгіс» берілсін деп қызметтік хат берген. 2020 жылдың 11 желтоқсанда «Қазсушар»РМК-ның бас директорының қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңесшісі Е.Жумагулов пен И.Баженова тарапынан құрылыс бөлімшесінің көлік жүргізушісі С.Ширинбековтің жұмыста болған немесе болмағанын тексермедің деген ұйғарыммен анам Г.Утешовамен еңбек шартын бұзылсын» деген филиал директорына ұсыныс берген. Алайда, Г.Утешованың «бөлімше қызметкерлерінің нақты жұмыс уақыттарының есебін жүргізетін, тексеретін бөлімше басшысы, аға инженері, механик, бас маман бар» деген түсініктемесін есепке алмаған. Қазіргі таңда, анам Г.Утешова қан қысымы 200/120 көтеріліп, ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап еңбеккке жарамсыз парағында, әкем М.Ешанкулов «прединсультовое состояние» диагнозымен 14 қаңтарында аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Еңбекке жарамсыз парағындағы Г.Утешова мен М.Ешанкуловтың «больничный листтері» барма, жоқпа - деп қайта-қайта тексеріп, анамның ұялы телефонына Э.Кулановтың тапсырмасы деп филиалдың құқықпен қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің штаттан тыс қабылданған М.Бекжанова мен бас маман Г.Абдраимова тыныштық бермейді. Осы қылықтардан кейін әкем мен анамның қан қысымдары қайта-қайта көтеріліп мазалары болмай отыр. Жоғарыда көрсетілген негіздерді, Кәсіпорынның және Филиалдың лауазымды тұлғалары тарапынан жасаған іс-әрекеттерін тексеріп, қаншалықты заңдылығына құқықтық баға беруіңізді сұранамын. Өз кезегінде, әкем М.Ешанкулов пен анам Г.Утешованың осы мекемеде 13 жыл қызмет еткенін, зейнетке шығу алдындағы жасын ескеріп, зейнеткерлік демалыстарына шығуын қамтамасыз етуді өтінемін. Т.Муратов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Сіздің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің блогына келіп түскен «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы басшылығы тарапынан жасалған іс-әрекеттерін тексеріп, қаншалықты заңдылығына құқықтық баға беру және Филиал қызметкерлері М.Ешанкулов пен Г.Утешованың зейнетке шығу алдындағы жасын ескеріп, зейнеткерлік демалыстарына шығуын қамтамасыз ету туралы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Денис Валерьевич Коновалов уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің жазбаша келісімі бойынша кәсіпорынның бекітілген Жарғысына сәйкес 2020 жылдың 04 маусымында директор лауазымына тағайындалды. Д.В. Коновалов су шаруашылығы жүйесінде 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, «инженер-гидромелиоратор» дипломы бойынша біліктілігі бар. Біліктілік талаптарға сәйкес келеді. Толқын Өктемұлы Балпиков Түркістан филиалының бас инженері лауазымында жұмыс істеді. Кәсіпорын 2020 жылдың 2 мамырынан бастап басшылары Т.О. Балпықов және Ж.Т. Әбдікасым бастаған Түркістан филиалының қызметкерлерін төтенше жағдайлар салдарын жою үшін жіберді. Бір ай бойына Кәсіпорын қызметкерлері осы учаскеде жұмыс істеді. Вегетациялық кезеңге байланысты филиалдың бас инженері лауазымдық міндеттеріне сәйкес өндірістік учаскелерде болды. 2020 жылдың 27 маусымында бүкіл әлем жайлаған пандемияға байланысты Кәсіпорын сауатты және жоғары кәсіби маман Толқын Өктемұлынан айрылды. Сондай ақ, Филиал қызметкерлерінің короновирустық инфекциядан және пневмониядан қайтыс болуларына байланысты, «Қазсушар» РМК-ның 2016-2021 жылдарға арналған Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы ұжымдық келісім шартқа сәйкес филиалдың 8 қызметкеріне 75 АЕК мөлшерінде, ал короновирустық инфекция мен пневмониядан емделулеріне материалдық көмек ретінде бір лауазымдық жалақы мөлшерінде филиалдың 13 қызметкеріне төлем жүргізілді. Сонымен қатар «Қазсушар» РМК-ның Бас директорының 2020 жылғы 12 қазандағы бұйрығына сәйкес «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы директоры Денис Валерьевич Коноваловқа ұжымдық шағым негізінде жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша актіде көрсетілген бұзушылықтарды тиісінше бақылау жүргізбегені үшін сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылғанын атап өтеміз. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 5 бабына сәйкес Еңбек бостандығы әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар. Осы заңның 53-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында «зейнет» ақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзуға жол берілмейді. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау сотпен, төрелік сотпен немесе аралық сотпен келесілер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар билік немесе басқару органына бұзылған құқықты қорғау үшін өтініш білдіру, егер заңнамалық актілермен басқасы көзделмесе сотқа құқықты қорғау туралы арыз беруге кедергі келтірмейтіндігін атап өтеміз. Хатты қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда Сіз «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарастыру тәртібі туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес жоғарғы тұрған органға, сотқа хатты қараған органның шешіміне, іс-әрекетіне арыздануға, немесе прокуратура органдарына жүгінуге құқыңыз бар. Исполнитель ФИО и подпись): М. Абдраимов Руководитель структурного подразделения (ФИО и подпись): Н. Алдамжаров Вице-министр С. Кожаниязов Согласовано 29.01.2021 10:27 Абдраимов Марат Уайсбекович 29.01.2021 10:29 Алдамжаров Нурлан Жанузакович Подписано 29.01.2021 15:34 Кожаниязов Серик Салаватович

Файлдар:

ответ блог-исх..docx

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Алдамжаров Н.Ж.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы

Алдамжаров Н.Ж.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика