Алматы облысы әкімінің аппараты, облыстық мәслихат депутаттары құрамына Райымбек ауданының азаматын тағайындау туралы жазған өтінішіңіз бойынша «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының жауабына сәйкес келесіні хабарлайды.
Өткен сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы 72,4% дауыс жинап 37 мандат орынына ие болды.
Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Партиялық тізімдердің сапалық құрамына кем дегенде 30% әйелдер, 20% жастар және облыстық партия филиалы төрағасының тиісті мәслихаттардағы мандаттардың санынан 30% квотасындағы кандидаттар енгізілді.
«Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Мәжілісіне және барлық деңгейдегі маслихаттарға партиялық тізімдеріндегі кандидаттардың қоғамдық белсенділігінің рейтингін анықтау әдістемесіндегі бағалау көрсеткішіне сәйкес облыстық Саяси кеңес бюросы қаулысымен мандат бөлінді. Алиев Нұрбол Мәжитұлы облыстық маслихат депутаттығының резервіне енгізілген.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 97-1 бабының 6 - тармағына сәйкес, депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен саяси партияның тізіміне енгізілген кандидаттар арасынан саяси партияның басшы органы осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындайтын келесі кандидатқа беріледі.
Райымбек ауданы бойынша болашақта көтерілетін өзекті мәселелердің шешілуіне «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14-бабы 6-тармағына сәйкес Сіз лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жазуыңызға болады.
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының жауабы қосымша беріледі.
Қосымша: 2 парақта.
Орындаған - Е. Демеуов
8 (7282) 24-71-86
Баталов А. Ғ. 10.02.2021, 03:22
Алматы облысы әкімінің аппараты, облыстық мәслихат депутаттары құрамына Райымбек ауданының азаматын тағайындау туралы жазған өтінішіңіз бойынша «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының жауабына сәйкес келесіні хабарлайды. Өткен сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы 72,4% дауыс жинап 37 мандат орынына ие болды. Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Партиялық тізімдердің сапалық құрамына кем дегенде 30% әйелдер, 20% жастар және облыстық партия филиалы төрағасының тиісті мәслихаттардағы мандаттардың санынан 30% квотасындағы кандидаттар енгізілді. «Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Мәжілісіне және барлық деңгейдегі маслихаттарға партиялық тізімдеріндегі кандидаттардың қоғамдық белсенділігінің рейтингін анықтау әдістемесіндегі бағалау көрсеткішіне сәйкес облыстық Саяси кеңес бюросы қаулысымен мандат бөлінді. Алиев Нұрбол Мәжитұлы облыстық маслихат депутаттығының резервіне енгізілген. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 97-1 бабының 6 - тармағына сәйкес, депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен саяси партияның тізіміне енгізілген кандидаттар арасынан саяси партияның басшы органы осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындайтын келесі кандидатқа беріледі. Райымбек ауданы бойынша болашақта көтерілетін өзекті мәселелердің шешілуіне «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар ықпал ететін болады. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14-бабы 6-тармағына сәйкес Сіз лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жазуыңызға болады. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының жауабы қосымша беріледі. Қосымша: 2 парақта. Орындаған - Е. Демеуов 8 (7282) 24-71-86
Файлдар:
Хат Nur Otan.PDF