• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Райымқұлова А.Р.
  • Өтініш
Райымқұлова А.Р.

ҚР Мәдениет және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Қайырлы күн Ақтоты Рахметоллақызы! Бұл арыз өтінішімді жазып отырған себебім, 2020 жылы бүкіл әлемдік пандемия кесірінен, өткен жылы жазда Түркия мемлекетіне баратын демалысымыз болмай қалды. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы "Пегас" тур фирмасымен келісім жасаған болатынбыз. Келісім шарт бойынша, алғашқы төлемін уақытылы төленіп, Белек қаласындағы отелге бронь жасалды. Бірақ, пандемия басталып, шекаралар жабыла бастағанда, тур фирмаға хабарласып, жанұямның қауіпсіздігін ойлап, турдан бас тартқан болатынбыз. Сол кезде, уақытын ауыстыруға ұсыныс берген, оны құптамай, төлеген алғашқы төлемді кері қайтаруды сұрадық. Тур фирма тарапы, отель төлеген сомманы кері қайтарған ғана, толық төлем жасайтынын айтты. Қазіргі таңда, 6 ай өтседе, тур фирманың айтуы бойынша, Түркиядан ешқандай кері төлемдер жасалмаған. Менің ойымша, тур фирмалар бізге осы жылға уақытын ауыстыруға болатынын тағы ескертеді. Алайда, қазіргі эпид ахуалды ескере отырып, ел аралап қыдыру қауіпті екенін Өзіңіз жақсы білесіз. Мұндай арыз шағым жазып жатырғандар көп шығар, сонда Біз қаншалықты күтуіміз керектігі жөнінде айқын түсініктеме берсеңіздер. Құрметпен, Бахтияров Ерболат

  • БАХТИЯРОВ ЕРБОЛАТ
  • Туризм
  • 19.01.2021
  • 30
  • Өтініш нөмірі 662665

Жауаптар (1)

Райымқұлова А.Р. 21.01.2021, 05:06

Құрметті Ерболат! Сіздің өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлаймын.«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ( 17-бабының 1-тармағына сәйкес, туристік қызмет көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Гидпен (гид-аудармашымен) және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.Сонымен бірге, Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес, тараптардың әрқайсысы мән-жайлардың елеулі өзгерістеріне байланысты шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы. Заңның 17-бабының 10-тармағына сәйкес, туристік қызмет көрсетуге арналған шартты орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға іс жүзінде шеккен шығыстарын өтейді. Бұл ретте, нақты келтірілген шығыстар құжатпен расталуға тиіс. Осыған байланысты, Сіз туристік компанияға басқа күнге немесе басқа елге турды қайта брондау туралы өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ балама нұсқаларға келіспеген жағдайда туристік саяхаттан бас тартуға құқығыңыз бар. Сонымен қатар, туристік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты туроператорларда туристердің сұраныстарын қанағаттандыру үшін қаражат жетіспей жатыр, өйткені серіктестерімен жасалған келісімшарттар аясында тиісті алдын-ала төлемдер жасалды және ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шығындар болды, туроператорларда айыппұл міндеттемелері болуы мүмкін. Бұл ретте, Сіз және «Пегас» ЖШС арасында туындаған өзара қарым-қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттелетіндігін мәлімдеймін.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Райымқұлова А.Р.

ҚР Мәдениет және спорт министрі

Райымқұлова А.Р.

ҚР Мәдениет және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика