- Блогтар
- Әбдіқалықова Г.Н.
- Өтініш
Қызылорда облысының білім басқармасының Басшысы А.Қасымоваға Жеке кәсіпкер «Ақан» Өтепберген Ақаннан ЖСН 900524300879, т.87026224809 Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Иманов Көшесі №98 үй тұрғыны, э/п uedige@mail.ru Мен, ЖК «Ақан» осыған дейін Жалағаш аудандық білім бөлімі ҚР-ы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына сәйкес 15 сәуір 2020 жылғы жариялаған конкурсты заң талаптарын бұза отырып өткізгені туралы баяндағанмын. Енді өзімнің заңдық құқығымды қорғау үшін Тапсырыс беруші мен Өнім берушілер арасында жасалған 18.05.2020 жылғы келісім шарттарды жарамсыз деп тану жөнінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгініп (судья З.Жарылқасынова) қазіргі күні сотта қаралуда, келесі сот отырысы 29 қаңтар 2021 жылға белгіленді және осы мерзімге дейін менің төмендегі сұрақтарыма жауап берілсе: 1.Жалағаш аудандық білім бөлімі мен Өнім берушілер арасында жоғарыда заңсыздықпен өткізілген конкурс қорытындысымен жасалған келісім шарттар 2021 қаржы жылына екінші рет ұзартылама, болмаса конкурс өткізгенге дейін бір көзден сатып алу қолдана ма? 2.ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №235 бұйрығымен электронды сатып алу қарастырылған, соған байланысты биылғы қаржы жылына Жалағаш аудандық білім бөліміне қарасты мектептерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету конкурсын Қызылорда облысының білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімі ұйымдастыра ма, әлде оны Жалағаш аудандық білім бөлімі өзі өткізе ма? Конкурс туралы хабарландыру қай сайтта орналастырылады? Осы сұрақтарыма жауап соттың менің талабымның оң шешілуіне маңызды дәлел болады.
- Өтепберген Ақан
- Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету)
- 19.01.2021
- 40
- Өтініш нөмірі 662701
Жауаптар (2)
Әбдіқалықова Г.Н. 19.01.2021, 05:28
Сіздің өтінішініз Қызылорда облысының білім басқармасына жолданды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 29.01.2021, 07:51
Сіздің облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың блогына жолдаған өтінішіңізге сәйкес төмендегіні хабарлайды. Бірінші сұрақ бойынша: «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республиксы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №235 бұйрығымен өзгеріс енгізілді. Осы Қағиданың 83 тармағында шарт тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде екі рет кейінгі қаржы жылдарына ұзартылады делінген. Алайда, азаматтық іс сотта қаралуына байланысты конкурс ұйымдастырушы тарапынан 2020 жылғы конкурс қорытындылары негізінде әлеуетті өнім берушілермен жасалынған келісім шарттардың мерзімі ұзартылмаған. 2020 жылғы конкурс қорытындылары негізінде жеңімпаз болған әлеуетті өнім берушілерге конкурс өткізілгенге дейін бір көзден сатып алу қолданылмайды. Екінші сұрақ бойынша: Қағиданың Жалпы ережелерінің 2-тармағының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асырылады делінген. Конкурс туралы хабарландыру, Қағиданың Жалпы ережелерінің 2-тармағының 11-тармақшасы басшылыққа ала отырып мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі –веб-портал) – мемлекеттік оргынның сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесі ұсынатын ақпараттық жүйесі (www.goszakup.gov.kz) арқылы өткізіледі. Егерде берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған немесе басқа да уәкілетті органдарға (оның ішінде сот органдарына) шағымдануға құқыңыз бар екендігі түсіндіріледі.