Құрметті Бағлан Онгаровна!
Өтініш білдіргеніңізге рахмет.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді, ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.
Осы Қағидалармен мемлекеттік қызметтің 6 түрі толық электрондық түрге ауыстырылды.
Алайда МО БКО (ЕТС ГО) және «Е-лицензиялау» АЖ-ға жергілікті атқарушы органдардың қосылмауына байланысты жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету проблемасы туындады.
Бұл ретте, Қағидалар қолданысқа енгізілген сәттен бастап, «Е-лицензиялау» АЖ бағдарламасымен көрсетілетін қызметтер:
1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» (көрсетілетін қызметті беруші болып облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі табылады);
4. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» электрондық өтінішті қабылдауға дайын емес болып шықты.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Демек, жергілікті атқарушы органдар МО БКО қызметтерін сатып алуға тиіс және ҰАТ АҚ-мен (АО НИТ) шарт жасай отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерді қосуды қамтамасыз етуі қажет.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (ақпараттарына сәйкес) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына аталған жер саласындағы мемлекеттік қызметтердің көрсету нысандарын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде (электронды/қағаз түрінде).
Яғни, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.
Осыған байланысты, Министрлік Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аталған проблеманың өзектілігін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдар атына көптеген наразылық тудырмау үшін, ЖАО-дың «Е-лицензиялау» АЖ жүйесімен қамтамасыздандырылғанға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі мен қолданыстағы Қағидаларға өзгеріс енгізіліп ол күшіне енгенге дейін жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді электронды/қағаз түрінде көрсету мүмкін деп есептейді.
Қосымша бұл жағдай бойынша 2020 жылдың 28 желтоқсандағы № 19-7-20/3560-И Министрліктің шығыс хатымен жергілікті атқарушы органдарға хат жолданғанын хабарлайды.
Жер ресурстарын басқару
комитетінің төрайымы Г. Бимендина
Омаров С. К. 27.01.2021, 05:07