- Блогтар
- Баталов А. Ғ.
- Өтініш
Менің 662049/1 нөмірілі өтінішіме «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабы 6 - тармағына сәйкес Сіздің өтініш Алматы облысының білім басқармасына қарастырып және тиісті шара қолдану үшін жолданғанын хабарлаймыз деп көрсетілген, алайда Алматы облысының білім басқармасы тарапынан ешқандай жауап алған жоқпын. Сондықтан мен қойған сауалыма толыққанды жауап берсеңіз екен деп сұраймын.
- Жельдыбаев Мади
- Тұрғындарды жұмыспен қамту
- 21.01.2021
- 39
- Өтініш нөмірі 663091
Баталов А. Ғ. 01.02.2021, 06:16
Алматы облысының әкімдігі облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы бос орындар туралы ақпарат «Enbek.kz» (https://www.enbek.kz/kk) электронды еңбек биржасында жарияланатындығын хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес «Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады» делінген, Сіздің өтінішіңіз білім басқармасында 2021 жылдың 19 қаңтарында тіркелгендіктен Заңнаманың талаптары сақталған. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 12-бабының және 14-бабының 6-тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығыңыздың бар екенін хабарлаймыз. Адамбекова А.М. Орындаған- Қ. Нұрпейісова Тел. (72-82) 600-441