- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
- Өтініш
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Құрметті Серік Шапкенов Мырза,менің сіздерге жолдап отырған екінші өтінішім.Бір жылдың көлемі болды біресе мені Қаржы нарығын зерттеу агенттігіне , біресе Халық банкке,біресе Еңбекті қорғау министрлігіне сілтейді.Сізді осы мәселенің нүктесін қояды деп ойлаймын.Мен Сүюқұлова Әйгерім Жалғасқызы 18.07.1992 жылы туылған 920718400953 ата-анамнан 18 жасқа дейін қайтыс болған. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 маусымдағы 2019 жылғы жарлығына сәйкес Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар тізіміне еніп, 2020 жылдың 15 сәуірінде Қор Халық банкке 300 мың теңге көлемінде ақша аудырған. Бұл уақытта менің кредитим коллекторлық компанияға өтіп кетуіне байланысты менің берешегімнен бұл сумма шегерілмеді.Кредитті төлей алмау себебім жұмыстан шығып қалуым.Міне 2021 жылдың ақпан айы бір жылдан бері Халық банкке аударылған ақша менің берешегімді жабуға жұмсалуына көмегіңізді беруіңізді сұраймын. ҚР қаhжы министрі Е.Жамаубаев мырзаға да өтініш жазғанмын өтінішіме банкке хабарласыныз деген жауап алдым.Банкке барсам бізге ешкандай бұйрық түспеді дейді.Банк коллекторлық компаниядан менің несиемді қайтадан сатып алған жағдайда ғана берешектің шегерілетіне туралы айтады.Берешекті қайта сатып алу үшін менің өтінішім аздық етеді.Менің осы хатыма төмендегідей жауап алдым: Сәлеметсізбе! кредит жабу мәселесі Еңбек министрлігінің құзыретіне кірмейді, осыған орай сіздің сұрағыңыз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің блогына жолданды.Бір жылдың көлемі болды бұл біздің құзырымызға кірмейді деп ар министрлікке жодап,министрлік банкке жолдап. келесі хат ЕЛ ПРезидентіне жолданатын болады.
- Сүюқұлова Әйгерім
- Әлеуметтік қамсыздандыру
- 19.02.2021
- 15
- Өтініш нөмірі 669351
Александр Терентьев 26.02.2021, 05:40
Сәлеметсіз бе! Құрметті Әйгерім Сүюқұлова! Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығы (бұдан әрі – Жарлық) шеңберінде берешекті өтеуге қатысты Сіздің өтінішіңізді (20.02.2021ж. кіріс №ФЛ-С-2507) қарап, мынаны хабарлайды. Сіздің өтінішіңізде жазылған фактілерді тексеру мақсатында Банкке қатысты тиісті ақпарат пен растайтын құжаттарды талап ете отырып, құжаттамалық тексеру тағайындалды. Банк ұсынған ақпарат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабына сәйкес банк құпиясына жататын мәліметтерді қамтитын болады. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының 14-бабының екінші абзацына сәйкес Агенттіктің қызметкерлері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Жүргізілген тексерудің қорытындысын Агенттік Сізге тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға ҚР заңнамасында көзделген мерзімде жеке жазбаша хабарламада жібереді.