- Блогтар
- Абдрасилов А.А.
- Өтініш
Абдрасилов А.А.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы
Құрметті Арман Асқарұлы! Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі (БСН 01140001472) «Алматы аймақтық карантиндік зертханасы» филиалы үшін 22.02.2021жылы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті» Мемлекеттік мекемесі арқылы, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер депортаменті Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесіне, есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы қызметіне лицензиясын алуға төлем жасады . Электрондық лицензиялау порталына Алматы қаласындағы Медеу ауданы МКБ аударған төлем көшірмесін және барлық қажетті құжаттар қоса дұрыс тіркеліп ілінгенін электрондық лицензиялау порталы дұрыс толтырылғанымен және осы парталдың төлем туралы ақпарат бөліміндегі терезелері толтырылғанымен төленген соманың төленгені жөнінде мәлімет берілмейді. Алматы қаласының Медеу және Алмалы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы бір ай ішінде мәселені электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем туралы ақпарат сұраныстары бөліміндегі сәйкессіздік пен қателікке байланысты мәселені парталды құрастырушылармен шешу керек себебі электрондық лицензиялау порталы мен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарасты қазыналық банктері арасында парталдың төлем жөніндегі шлюзімен байланыс жоқ. Порталдағы жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюға және қазынашылық банк арқылы төлейтін мемлекеттік мекемелер тиісті төлемін төлеген жағдайда E.License» электрондық порталы арқылы лицензия алу қызметін көсету жұмысын жасауды, аталған порталдың программалық жұйесін құрастырушылар қайта қарауды және дұрыс жолға қою жұмысын ескеру мақсатында Сізден көмек сұраймын. Сізге деген Құрметпен ҚР АШМ АӨК РӨКО ММ "Алматы аймақтық карантиндік зертхана" филиалы басшысы Алтынбек Абибуллаұлы.
- АСАНБЕКОВ АЛТЫНБЕК
- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
- 08.04.2021
- 291
- Өтініш нөмірі 678099
Абдрасилов А.А. 08.04.2021, 11:56
Вопросы по техническому обеспечению сервиса E.License относятся к АО "Национальные информационные технологии"