- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
- Өтініш
Құрметті Әбдіқалықова Г.Н. ханым! Сізге жазған хабарламаға кіріс (№689414 8. 06.2021ж)ұнады қарастырылуда деп берген жауабыңызға қанағаттанбай Қалаға өте тиімді әдіс иесі Ашық үкімет порталынан орындауға тиісті мекемелерге жіберген хабарламаларыңызды сіздің блок –платформаларыздан көру ді өтінеді және Ашық үкіметке көрсету үшін хабарламаны қайталауды жөн көріп отыр «Құрметті Г.Н.Әбдіқалықова ханым! Жақын арада Қызылорда қаласының көпқабатты ғимараттардың тұрғындарының проблемалары туралы орталық бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған болатын. Қызылорда қаласы Сырдарыяның жағасында тұрғандықтан барлық өзен жағасындағы қалалар сияқты жер асты суларының әсерінен ғимараттардың іргетастарының табанының негізі болатын топырақтардың арасындағы сазды қоспалардың көшуінің әсерінен болатын деформацияға ұшырайды. Зияткерлік меншік иесі Ажығалиев Изатулла СН РК 5.01-02-2013 бойынша 5.3.1.13 бабындағы бірінші сызықтағы қатты материалды кішірейтіп, керек жеріне және оған ғана белгілі жолмен орнықтылықты қалпына келтірудің арзан тәсілін ойлап тапты және бұл инновациялық тәсіл: - Әділет министрлігінде тіркелді(қос3.) - Қалалық техникалық совет қолдады(қос4.). - Қалалық сараптама басқармасы тексеріп, мақұлдады(қос3.). Бұл инновациялық тәсіл( автор «Анел»деген атау берді) Қызылорда қаласындағы деформацияға ұшыраған үйлерді жөндеу алдында орнықтылық қалпына келтіру үшін қолдануға болады . Инновациялық тәсіл болғандықтан жобалау жұмыстары мен құрылыс жұмыстарының аты сметалық нормаларда және құрлыс лицензиясында кездеспейді. Таблицаға көз жүгіртсеңіз тәсілдің тиімділігін:уақыт жағынанда,әрі қаражат жағынанда көруге болады ТАБЛИЦА №1 Сравнительная таблица классического метода с инновационным методом для восстановительных работ: № п/п Наименование Ед.изм. Восстановительные работы Классический метод Инновационный метод 1. Строительные работы млн. тенге 150 млн. 1үй ертеректе істелген болатын 1 жылдай уақытта 30 млн. 2. Количество домов Из СМИ 14 14 3. Стоимость всех домов 2 млрд. 100 млн 420 млн 4. 14 жыл 3 ай СН РК СН РК 5.01-02-2013бойынша істелген және жоғарыда айтылғандай 5 есе арзан зияткерлік меншіктің иесі мемлекеттік сатып алу басқармасына өзінің зияткерлік меншігін қорғау үшін қоятын шарттары бар: 1.күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілетін барлық 14 ғимаратты орнықтылық қалпына келтіру 1ғана келісім шартпен жүргізіледі. 2 .Салынып жатқан ғимараттар құрлыс жұмыстары біткеннен кейін ғана алдағы уақытта деформацияға ұшырамау үшін Анел тәсілі 1 келісім шартпен барлық ғимараттарға енгізілгеннен кейін ғана Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен бекітілген ғимараттар Объектіні пайдалануға қабылдау актісі бойынша жұмыс жүргізіуді ұсынады. ЖШС «СымбатСтройПроект» директоры, Зияткерлік меншік иесі Ажигалиев И. Қосымша № 3 Қосымша № 4 87753478855 сот 87252411142дом
- Ажигалиев Изатулла
- Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету)
- 10.06.2021
- 238
- Өтініш нөмірі 689892
Жауаптар (2)
Әбдіқалықова Г.Н. 10.06.2021, 06:13
Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 16.06.2021, 05:33
Құрметті Изатулла Ажығалиев, Сіздің 2021 жылдың 8-10 маусымында жазған өтініштеріңізді Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес қарап, төмендегіні хабарлайды. Деформацияға ұшыраған үйлерді қалпына келтіру үшін ұсынылған инновациялық тәсіл бойынша келесі мәліметтер қажет етіледі: 1) деформацияға ұшыраған үйлерді жөндеу алдында орнықтылықты қалпына келтіру мақсатында инновациялық тәсілді пайдалану тәртібі; 2) құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс сапасының қамтамасыз етілуі; 3) инновациялық тәсілмен құрылымды күшейту жұмыстарын жүргізілгеннен кейін деформацияның қайталанбауына берілетін кепілдік дәрежесі, уақыты; 4) құрылыс жұмыстары бойынша классикалық және инновациялық тәсілдердің айырмашылығы (технологиялық, қаржылық, мерзімі); 5) құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін алдағы уақытта деформацияның қайталанбауына берілетін кепілдік. Осы аталған инновациялық тәсілді пайдалану жұмыстарын пысықтау үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері, Қызылорда облысының құрылысшылар Ассоцациясы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, мердігерлер, жобалаушы мекемелер, техникалық және авторлық қадағалаушы өкілдерін қатыстыра отырып, Қызылорда қаласына келіп, өз тарапыңыздан таныстыру рәсімін жүргізу қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының 2021 жылғы 15 маусымдағы №02-03/807 хатына сәйкес: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының (бұдан әрі -Заң) 5-бабының 2-тармағына мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) мынадай мәліметтерді көздейді: 1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды; 2) анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы, оған қоса мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған сомалар; 3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері. Өз ретінде, Заңның 13-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдермен: 1) конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс); 2) аукциондар; 3) баға ұсыныстарын сұрату; 4) бір көзден алу; 5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Ал, Заңның 39-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айырықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу көзделген. Жоғарыда көрсетілгендерді назарыңызға жеткізе келе, білдірілген ұсыныс бойынша аталған заңдылық нормаларын басшылыққа ала отырып, шешім қабылдау ұсынылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес, қабылданған шешімге келіспеген жағдайда жоғары тұрған немесе сот органдарына шағымдануыңызға болатындығын назарыңызға саламыз.