- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
- Өтініш
Сәлеметсіз бе, Құрметті Гүлшара Наушақызы. Менің өтініш беру себебім, 2019 жылы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы, 6-сектор бойынша Ұлағат 10/2 мекен-жайында толық жұмыс жасалмады. Менің қолыма "Ақау акт"-сі берілмеді және бригадир берілмейтінін мәлімдеді. Маған жасалған жұмыстарына "Ақау АКТ"-сін сметалық құжаттар көшірмесін сұраймын. Өтініш беруші: Усенова Ботагоз Абдулхадиевна
- Усенова Ботагоз
- Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері
- 11.06.2021
- 221
- Өтініш нөмірі 690184
Жауаптар (2)
Әбдіқалықова Г.Н. 14.06.2021, 09:39
Сіздің өтінішініз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Әбдіқалықова Г.Н. 17.06.2021, 10:27
Түркістан облысы, Арыс қаласы,Ұлағат (Автобаза) көшесі№10/2тұрғын үйде апат салдарынан анықталған ақаулар қалпына келтірілді. Тұрғын үй бойынша атқарылған жұмыстар актісі, ақау актісі түпнұсқасы Арыс қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне өткізілгендігін хабарлайды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңның 12-бабына сәйкес берілген ақпаратқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары тұрған органдарға шағымдану құқығыңыз бар екендігін назарыңызға саламыз. Қосымша ақау актісінің көшірмесі қоса жолданды.
Файлдар:
БЛОГ-104,1.docx