- Блогтар
- Емелбаев.Р.Т
- Өтініш
Емелбаев.Р.Т
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры
Өтініш жазуымның себебі магистратураға түсуге арналған КТ тестін қайта тапсыруға мүмкіндік беруіңізді өтіне сұраймын. Оң құлағымның 4,45% еститіні кедергі болғанын, Сурдолог маманның берген анықтамасын ескере отырып оң шешім қабылдауыңызды сұраймын. Мән-жайын айта кетсем 21-шілде күні таңғы 9/00 шамасында Алматы қаласы әл-Фараби 71 мекен-жайында тест тапсырдым. Өздеріңізге мәлім ең бірінші тыңдалым бөлімінде диалог берілсе екі адамның сөзін екі құлаққапқа беріледі екен. Оң құлағыммен екінші адамның даусын ести алмай жатқанымды бірден кезекшіге және компютер маманына ескерттім және даусын көтеруді сұрадым. Біз олай жасай алмаймыз бар даусы осы, және екі құлаққа екі адамның сөзі кезек-кезек берілетіні заңды деді. Ести алмай отырған болсаңыз неге арнайы анықтамамен келмедіңіз деп ескертті. Мен былтыр тапсырғанымда ондай кедергі болмағанын және жақсы естігенімді айттым. Тестті ары қарай жалғастыруға мәжбүр болдым. Сол құлағыммен кезек-кезек құлаққапты шешіп ауыстырып отырдым. Нәтижесінде дұрыс тыңдай алмай екі жарым сағатымды тыңдалыммен өткізіп алдым. Тесттен шыға салысымен дәрігердің қарауына жазылып, осы анықтаманы бүгін алдым. Осы мәселемді ескере отырып тестті қайта тапсыруға және құлаққаптың даусы қатты шығатындай мүмкіндік жасауларыңызды сұраймын.
Файлдар:
- Азбергенова Арайлым
- Білім
- 23.07.2021
- 151
- Өтініш нөмірі 696972/1
Дидарбекова Н.А. 23.08.2021, 11:17
ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Сіздің өтінішіңізді қарастырып, Қосымшада тіркелген PDF форматындағы хатта келесіні хабарлайды:
Файлдар:
А.Азбергеноваға жауап.pdf