- Блогтар
- О.А. Бектенов
- Өтініш
О.А. Бектенов
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Жауаптар (2)
М.М Ахметжанов 23.08.2021, 05:10
Құрметті Ислам Марлинұлы! Сіздің Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының сәулет-құрылыс заңнамасы саласындағы бұзушылықтары туралы арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережеге сәйкес, арызда көрсетілген уәждерді шешу Агенттіктің құзыретіне жатпайтындығын түсіндіреміз. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы №55 бұйрығымен бекітілген Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) туралы ережеге сәйкес Комитет сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнаманың нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдайды. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 11-бабы 11-тармағы негізінде, арызыңыз құзырет шегіне орай Комитетке жолданды. Нәтижелері туралы Сізге жоғарыда аталған мемлекеттік орган хабарлайтын болады. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шағым беруге құқығыңыз бар екендігін түсіндіреміз».
М.М Ахметжанов 23.08.2021, 05:11
по компетенции