• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жүнісов Н.Т.
  • Өтініш
Жүнісов Н.Т.

ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

.

Файлдар:

кх Ахмет.PDF

  • Нуржанова Роза
  • Ауыл шаруашылығы
  • 20.10.2021
  • 103
  • Өтініш нөмірі 710642

Жауаптар (1)

Жүнісов Н.Т. 03.11.2021, 01:14

Құрметті Роза Досалықызы! Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Сіздің балық шаруашылығын жүргізу мәселелеріне қатысты хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды. Балық питомнигін заңды тіркеуге қатысты «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер. Бұл ретте балық питомнигі өзінің ғимараттарымен, құрылыстарымен жылжымайтын мүлік болып табылғандықтан, оны тіркеу есебіне қою мәселелері жоғарыда аталған Заңмен реттеледі. Жылжымайтын мүлікті тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелеріне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүргізіледі. Ереженің 2-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ереженің 1 және 2 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша «жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы арқылы жүзеге асырылады. Балық өсіру материалдарын алуға пайдаланатын құралдарды тіркеуге қатысты Балық өсіру материалдарын алуға пайдаланатын құралдар арнайы мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді. Бұл ретте, кәсіпорын бұндай құралдарды өзінің бухгалтерлік есебінде тіркейді. Ол «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына сәйкес жүргізіледі. Балық өсіру материалдарын жеке және заңды тұлғаларға сату кезінде балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманы алу қажеттігі туралы Жеке және заңды тұлғаларға балық өсіру материалдарын сату арнайы ветеринариялық анықтама болған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте, ветеринарлық анықтама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Қағида) сәйкес беріледі. Қағидаға сәйкес балық өсіру материалын сату кезінде ветеринарлық анықтаманы алу үшін балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама қажет. Сондықтан балық өсіру материалдарын сату кезінде балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама міндетті құжат болып табылады. Балық өсіру тоғандарының ауданына және тоғандарды қазу нормаларына қатысты Балық өсіру тоғандарының аудандарын белгілеу нормалары қолданыстағы заңнамамен көзделмеген. Жалпы, тоған шаруашылығын құру үшін алдымен жер учаскесі қажет, яғни Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның нысаналы мақсаты тоған шаруашылығын жүргізуге бағыттталған жер учаскесін бекіту бойынша қаулысы болуы керек. Одан кейін Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 60-бабына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама жасалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынуы тиіс. Содан соң ғана тоғандарды қазуға рұқсат етіледі. Бұл ретте бір тоғанның су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын болса, оған жергілікті атқарушы органдардың келiсімі бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларынсыз эскиздер (нобайлар) бойынша балық өсіру шаруашылығын құруға болады. Бұл Заңның 60-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасында белгіленген. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағына сәйкес, ұсынылған жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылысыз.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Жүнісов Н.Т.

ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы

Жүнісов Н.Т.

ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика